https://sputnik.kz/20250923/kopbalaly-otbasy-avtobus-parkinen-ay-sayyn-otemaqy-alady--sot-ukimi-57273819.html
Көпбалалы отбасы автобус паркінен ай сайын өтемақы алады – сот үкімі
Көпбалалы отбасы автобус паркінен ай сайын өтемақы алады – сот үкімі
Sputnik Қазақстан
Қызылорда болған жол апаты кезінде жұбайы қайтыс болып, кәмелетке толмаған баласы мүгедек болып қалған 23.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-23T08:21+0500
2025-09-23T08:21+0500
2025-09-23T08:21+0500
қызылорда
жол апаты
мүгедек
өтемақы
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_c9c1b99d3f0e86e4fb09dd4c14185f75.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда қаласында автобус паркі көпбалалы отбасыға ай сайын өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық сотқа сілтеме жасап.Сотқа жүгінген ер адам жұбайынан айырылуына байланысты балаларын асырауға ай сайын кәмелетке толғанша әрқайсысына зиянды өтеу мөлшерін белгілеп беруді сұрады.Осыдан алты жыл бұрын Қызылорда қаласында болған жол апаты кезінде жұбайы қайтыс болса, кәмелетке толмаған баласы ауыр дене жарақатын алып, мүгедек болып қалған. Сол кезде "Қызылорда автобус паркі" мекемесіне тиесілі автобус жүргізушісі кінәлі деп танылған. Жәбірленушіге материалдық шығын, моральдық зиян, сақтандыру төлемі, сондай-ақ материалдық көмек те берілген.Сот талап қоюшының арызын қанағаттандырды. "Қызылорда автобус паркі" ЖШС талап қоюшының балаларын кәмелет жасқа дейін асырауға ай сайын әр балаға 15 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы 58 980 теңге) мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
https://sputnik.kz/20250618/avtobus-apaty-eki-ayagynan-ayyrylgan-qyzga-memleket-esebinen-protez-salynady-54804606.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a16870dedb10a41bd313cac21052f0f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, жол апаты, мүгедек, өтемақы
қызылорда, жол апаты, мүгедек, өтемақы
Көпбалалы отбасы автобус паркінен ай сайын өтемақы алады – сот үкімі
Қызылорда болған жол апаты кезінде жұбайы қайтыс болып, кәмелетке толмаған баласы мүгедек болып қалған
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда қаласында автобус паркі көпбалалы отбасыға ай сайын өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық сотқа сілтеме жасап.
Сотқа жүгінген ер адам жұбайынан айырылуына байланысты балаларын асырауға ай сайын кәмелетке толғанша әрқайсысына зиянды өтеу мөлшерін белгілеп беруді сұрады.
Осыдан алты жыл бұрын Қызылорда қаласында болған жол апаты кезінде жұбайы қайтыс болса, кәмелетке толмаған баласы ауыр дене жарақатын алып, мүгедек болып қалған. Сол кезде "Қызылорда автобус паркі" мекемесіне тиесілі автобус жүргізушісі кінәлі деп танылған. Жәбірленушіге материалдық шығын, моральдық зиян, сақтандыру төлемі, сондай-ақ материалдық көмек те берілген.
"Бүгінде жалғызбасты әке жұмыс істейді. Бірақ кәмелет жасына толмаған балаларына, соның ішінде жол апаты салдарынан ІІ топ мүгедек болып қалған баласына да қарап жүр. Сол себепті автобус паркінен балалары кәмелет жасқа толғанша ай сайын өтемақы төлеуді талап етті", - деп жазылған хабарламада.
Сот талап қоюшының арызын қанағаттандырды. "Қызылорда автобус паркі" ЖШС талап қоюшының балаларын кәмелет жасқа дейін асырауға ай сайын әр балаға 15 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы 58 980 теңге) мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді.