https://sputnik.kz/20250618/avtobus-apaty-eki-ayagynan-ayyrylgan-qyzga-memleket-esebinen-protez-salynady-54804606.html
Автобус апаты: екі аяғынан айырылған қызға мемлекет есебінен протез салынады
Автобус апаты: екі аяғынан айырылған қызға мемлекет есебінен протез салынады
Sputnik Қазақстан
Қызға да, анасына да мемлекеттік жәрдемақы төленеді 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T12:22+0500
2025-06-18T12:22+0500
2025-06-18T12:27+0500
астана
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17529125_0:487:2773:2047_1920x0_80_0_0_4882202deb3fb09700297be5c516fcc3.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Алуаға мемлекет есебінен протез жасалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Алуаның аяғына протез салынғаннан кейін оңалту шаралары басталады."Біз оған бардық. Анасымен сөйлестік. Протез жасауды толығымен өз мойнымызға алып отырмыз. Сосын оңалту бойынша барлық шығын төленеді. Дәрігерлер оған арнайы оңалту бағдарламасын жасап береді", - деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.Министрдің айтуынша, Алуаға мүгедектіктің I тобы тағайындалады. Оған да, анасына да мемлекеттік жәрдемақы беріледі.Еске сала кетейік, 8 маусымда Астанада жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанаға соқтығысты. Салдарынан 15 адам зардап шекті. 8 жасар қыз екі аяғынан айырылды. Жүргізуші қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20250609/avtobus-apaty-eki-ayagynan-ayyrylgan-qyzdyn-otbasyna-tort-bolmeli-pater-beriledi--54443613.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17529125_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_de92ce7d99ce1d82106efad0ea1a1c95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жол апаты
Автобус апаты: екі аяғынан айырылған қызға мемлекет есебінен протез салынады
12:22 18.06.2025 (жаңартылды: 12:27 18.06.2025) Қызға да, анасына да мемлекеттік жәрдемақы төленеді
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Алуаға мемлекет есебінен протез жасалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алуаның аяғына протез салынғаннан кейін оңалту шаралары басталады.
"Біз оған бардық. Анасымен сөйлестік. Протез жасауды толығымен өз мойнымызға алып отырмыз. Сосын оңалту бойынша барлық шығын төленеді. Дәрігерлер оған арнайы оңалту бағдарламасын жасап береді", - деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, Алуаға мүгедектіктің I тобы тағайындалады. Оған да, анасына да мемлекеттік жәрдемақы беріледі.
"Мүгедектіктің I тобы бойынша жәрдемақының көлемі 100 мың теңгеден асады. Анасына бала күтімі үшін 78 мың беріледі. Бүгінде оларға көпбалалы отбасы ретінде басқа да жәрдемақылар төленіп жатыр", - деп атап көрсетті Жақыпова.
Еске сала кетейік, 8 маусымда Астанада жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанаға соқтығысты. Салдарынан 15 адам зардап шекті. 8 жасар қыз екі аяғынан айырылды. Жүргізуші қамауға алынды.