https://sputnik.kz/20251015/uefa-qazaqstan-quramasyna-erezhe-buzgany-ushin-ayyppul-saldy-57899241.html
УЕФА Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды
УЕФА Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды
Sputnik Қазақстан
Оған алаңға бөгде адамдардың шыққаны және матчтың кешігіп басталуы себеп 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T08:45+0500
2025-10-15T08:45+0500
2025-10-15T08:54+0500
футбол
уефа
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56886666_0:0:500:281_1920x0_80_0_0_98ef7517648aed30cf2c5f51db064c6e.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. УЕФА футболдан Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Sports24.kz.Қазақстан құрамасы қазан айындағы ойындарды ықтимал алты ұпайдың төртеуімен аяқтады.Алайда қыркүйектегі матчтардың салдары Қазақстан футбол федерациясына айыппұл әкелді. УЕФА 21 жасқа дейінгі құрамаға ережені бұзғаны үшін айыппұл салды.Анығырақ айтқанда, УЕФА Тәртіп комитеті алаңға бөгде адамдардың шыққаны үшін федерацияға 1250 еуро, ал 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 8 қыркүйекте өткен Англияға қарсы матчтың басталуын кешіктіріп бастағаны үшін қосымша 7500 еуро айыппұл салған.Басты құрамаға бұл айыппұлдар әсер еткен жоқ, бірақ қазақстандық құрама айыппұлды толық төлеуі тиіс.
https://sputnik.kz/20251010/alem-chempionatynyn-irikteu-kezeni-qazaqstan-quramasy-likhtenshteyndi-basymdyqpen-zhendi-57780519.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/08/56886666_55:0:455:300_1920x0_80_0_0_429e64d0e4bb0248f5ee63953a4ff962.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, уефа, айыппұл
УЕФА Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды
08:45 15.10.2025 (жаңартылды: 08:54 15.10.2025) Оған алаңға бөгде адамдардың шыққаны және матчтың кешігіп басталуы себеп
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. УЕФА футболдан Қазақстан құрамасына ереже бұзғаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасы қазан айындағы ойындарды ықтимал алты ұпайдың төртеуімен аяқтады.
Алайда қыркүйектегі матчтардың салдары Қазақстан футбол федерациясына айыппұл әкелді. УЕФА 21 жасқа дейінгі құрамаға ережені бұзғаны үшін айыппұл салды.
Анығырақ айтқанда, УЕФА Тәртіп комитеті алаңға бөгде адамдардың шыққаны үшін федерацияға 1250 еуро, ал 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 8 қыркүйекте өткен Англияға қарсы матчтың басталуын кешіктіріп бастағаны үшін қосымша 7500 еуро айыппұл салған.
Басты құрамаға бұл айыппұлдар әсер еткен жоқ, бірақ қазақстандық құрама айыппұлды толық төлеуі тиіс.