https://sputnik.kz/20251015/ministr-qogamdyq-komekshilerge-beriletin-syyaqynyn-molsherin-zhariyalady-57906129.html
Министр қоғамдық көмекшілерге берілетін сыйақының мөлшерін жариялады
Министр қоғамдық көмекшілерге берілетін сыйақының мөлшерін жариялады
Sputnik Қазақстан
Бүгінде қоғамдық көмекшілердің жалпы саны 20 мың адамнан асады 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T11:29+0500
2025-10-15T11:29+0500
2025-10-15T11:30+0500
министрлік
сыйақы
депутат
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_de7bc8c5da8ea21fd9e406fd196e4646.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық көмекшілерге берілетін сыйақының мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілісте қаралып жатқан құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң жобасы аясында барлық күштік құрылымдар қоғамдық көмекшілерді тарта алады. Бүгінде ондай құзірет тек ішкі істер министрлігінде бар. Оларға марапаттау қағаздары ғана емес, ынталандыру сыйақылары да беріледі.Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша, бүгінде қоғамдық көмекшілердің жалпы саны 20 мың адамнан асады. Биыл тоғыз айдың ішінде олардың көмегімен 300-ден астам қылмыс ашылып, 15 мың құқық бұзушылық анықталды.Министрдің сөзіне қарағанда, биыл қоғамдық көмекшілердің сыйақысына 128 миллион теңге қарастырылған.
https://sputnik.kz/20251014/kelesi-zhyly-qanday-uyler-qymbattauy-mumkin---vitse-ministr-zhauap-berdi--57886649.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_e557e3bab9261d7797c17ff1ddeaf61e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, сыйақы, депутат
министрлік, сыйақы, депутат
Министр қоғамдық көмекшілерге берілетін сыйақының мөлшерін жариялады
11:29 15.10.2025 (жаңартылды: 11:30 15.10.2025) Бүгінде қоғамдық көмекшілердің жалпы саны 20 мың адамнан асады
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық көмекшілерге берілетін сыйақының мөлшерін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісте қаралып жатқан құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң жобасы аясында барлық күштік құрылымдар қоғамдық көмекшілерді тарта алады. Бүгінде ондай құзірет тек ішкі істер министрлігінде бар. Оларға марапаттау қағаздары ғана емес, ынталандыру сыйақылары да беріледі.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша, бүгінде қоғамдық көмекшілердің жалпы саны 20 мың адамнан асады. Биыл тоғыз айдың ішінде олардың көмегімен 300-ден астам қылмыс ашылып, 15 мың құқық бұзушылық анықталды.
"Қоғамдық көмекшілерге айы сайын жалақы төленбейді. Бұл қызметке партиоттық сезіммен келеді. Ал сыйақы бойынша біз ұсыным береміз. Жергілікті орган өз кезегінде ұсынымды қарап, сыйақының сомасын бекітеді. Қазіргі кезде 20 мың теңгеден астам сыйақы беріледі. Әрине, қоғамдық көмекші үлкен бір резонанс тудырған қылмысты ашуға көмектессе, сыйыақының көлемі көп болуы мүмкін. Ол жағынан шектеу жоқ", - деді Сәденов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, биыл қоғамдық көмекшілердің сыйақысына 128 миллион теңге қарастырылған.