Келесі жылы қандай үйлер қымбаттауы мүмкін - вице-министр жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевКелесі жылы қандай үйлер қымбаттауы мүмкін - вице-министр жауап берді
Келесі жылы қандай үйлер қымбаттауы мүмкін - вице-министр жауап берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Жаңа Салық кодексі аясында құрылыс саласына 16 проценттік қосарланған құн салығы енгізіледі
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін қандай үйлер қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келер жылы жаңа Салық кодексі аясында құрылыс саласына 16 проценттік қосарланған құн салығы енгізіледі. Бірақ салық салынғаннан кейін барлық үйлер қымбаттамайды.
"Мәселен, былтыр немесе биыл құрылыс жұмыстары басталған тұрғын үйлер бойынша қосарланған құн салынбайды. Салық 2026 жылда құрылысы басталған үйлерге ғана салынады. Ол – бір. Екіншіден, құрылыс саласында барлық төлемге 16 проценттік қосарланған құн салығы есептелмейді. Себебі құрылысшылар сатып алатын материалдар үшін жеткізушілер қосарланған құн салығын төлейді. Ал құрылысшылар тек айырмашылығын төлейтін болады", - деді Біржанов үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, қосарланған құн салығы тұрғын үйдің бағасына әсер етпеуі керек.
"Тұрғын үйдің бағасын нарық реттейді. Мәселен, Астанада баспанаға сұраныс жоғары болса, бағасы автоматты түрде өсіп отырады. Оның салығы бар ма, жоқ па, оған қарамайды. Бұл жерде бәсекелестік қағидаттары жұмыс істеуі керек", - деп атап көрсетті Біржанов.
Астанадағы баспана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді
Жаңалықтар
0