https://sputnik.kz/20251015/mas-kezinde-rolge-otyrgan-elorda-turgyny-bir-zhylga-sottaldy-57928674.html
Мас кезінде рөлге отырған елорда тұрғыны бір жылға сотталды
Мас кезінде рөлге отырған елорда тұрғыны бір жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған елорда тұрғыны рөлге мас болып қайта отырғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп... 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T20:59+0500
2025-10-15T20:59+0500
2025-10-15T20:59+0500
мас жүргізуші
астана
сот
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_b52a5dbf3d9a2d65c2df2464f30e23e7.jpg
АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған елорда тұрғыны рөлге мас болып қайта отырғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.Сотталушының кінәсі медициналық куәландыру қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.Прокурор сотталушыға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауды сұрады.Жазаны тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кінәсін мойындауын, жасаған ісіне шын өкінуін және бұрын сотталмағанын ескерді. Сотталушының жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.Сот оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын кесті.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250926/tarazda-mas-zhurgizushi-zholaushylardy-tasymaldagan-57373354.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_48cd06b5d610c34b7a167df1b3d4516a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мас жүргізуші, астана, сот
мас жүргізуші, астана, сот
Мас кезінде рөлге отырған елорда тұрғыны бір жылға сотталды
АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған елорда тұрғыны рөлге мас болып қайта отырғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Сотталушының кінәсі медициналық куәландыру қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Прокурор сотталушыға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауды сұрады.
"Сотталушы кінәсін мойындап, бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады", - деп жазылған хабарламада.
Жазаны тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кінәсін мойындауын, жасаған ісіне шын өкінуін және бұрын сотталмағанын ескерді. Сотталушының жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.