https://sputnik.kz/20251015/mangystau-oblysynda-ar-litr-gaz-baqylauga-alynady-57931762.html
Маңғыстау облысында әр литр газ бақылауға алынады
Маңғыстау облысында әр литр газ бақылауға алынады
Sputnik Қазақстан
Өңірдегі кәсіпкерлердің әрекеті әлеуметтік шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T21:33+0500
2025-10-15T21:33+0500
2025-10-15T21:33+0500
маңғыстау облысы
газ
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Маңғыстау облысында әр литр газдың қайда жөнелтіліп жатқаны толық тексеріледі. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауытыың жоспарлы жөндеуге жабылуына байланысты облысқа қажетті 3658 тонна газ Ақтөбедегі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытынан вагон арқылы тасымалданып жатыр. Логистикалық бағыттың өзгеруі өнімнің кешігіп жетуіне және кейбір автогаз құю станцияларында кезектің пайда болуына себеп болған.Сансызбаевтың айтуынша, газ тапшылығына тек жеткізілімнің кешігуі емес, кейбір кәсіпкерлердің жауапсыз әрекеттері де әсер етіп отыр.Бұл тұрғындар арасында наразылық туғызып, әлеуметтік шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін."Әр литр газдың қайда жөнелтіліп жатқанын толық тексереміз", – деп толықтырды Сансызбаев.2025 жылдың IV тоқсанындағы дерек бойынша, өңірде автогаз құю станцияларының саны өткен жылмен салыстырғанда 462-ден 552-ге дейін артқан. Жаңадан ашылған кейбір бекеттер ай сайынғы көлемді ұлғайту үшін тіркеліп, шын мәнінде газды басқа АГҚС арқылы сатып жатыр. Мысалы, Бейнеудегі бірқатар кәсіпкер 1500 тоннадан астам газ алып, оны мүлде басқа бекет арқылы сатқан.Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталып, 1 қарашадан бастап сұйытылған мұнай газының жеткізілімі толық қалыпқа келеді деп жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20250912/qazaqstanda-tabigi-gaz-ondiru-kolemi-92-ga-osti-57023167.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, газ, мұнай өңдеу зауыты
маңғыстау облысы, газ, мұнай өңдеу зауыты
Маңғыстау облысында әр литр газ бақылауға алынады
Өңірдегі кәсіпкерлердің әрекеті әлеуметтік шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін
АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Маңғыстау облысында әр литр газдың қайда жөнелтіліп жатқаны толық тексеріледі. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауытыың жоспарлы жөндеуге жабылуына байланысты облысқа қажетті 3658 тонна газ Ақтөбедегі "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" зауытынан вагон арқылы тасымалданып жатыр. Логистикалық бағыттың өзгеруі өнімнің кешігіп жетуіне және кейбір автогаз құю станцияларында кезектің пайда болуына себеп болған.
Сансызбаевтың айтуынша, газ тапшылығына тек жеткізілімнің кешігуі емес, кейбір кәсіпкерлердің жауапсыз әрекеттері де әсер етіп отыр.
"Кей кәсіпкерлер өздеріне бөлінген газды бекітілген станцияларға жеткізбей, өзге өңірлерге сатқан жағдайлар анықталды. Сондай-ақ кейбір жаңа бекеттер ай сайынғы көлемді ұлғайту мақсатында тіркеліп, шын мәнінде газды басқа нүктелер арқылы өткізген", – деді басқарма басшысы.
Бұл тұрғындар арасында наразылық туғызып, әлеуметтік шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін.
"Әр литр газдың қайда жөнелтіліп жатқанын толық тексереміз", – деп толықтырды Сансызбаев.
2025 жылдың IV тоқсанындағы дерек бойынша, өңірде автогаз құю станцияларының саны өткен жылмен салыстырғанда 462-ден 552-ге дейін артқан. Жаңадан ашылған кейбір бекеттер ай сайынғы көлемді ұлғайту үшін тіркеліп, шын мәнінде газды басқа АГҚС арқылы сатып жатыр. Мысалы, Бейнеудегі бірқатар кәсіпкер 1500 тоннадан астам газ алып, оны мүлде басқа бекет арқылы сатқан.
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталып, 1 қарашадан бастап сұйытылған мұнай газының жеткізілімі толық қалыпқа келеді деп жоспарланып отыр.