Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі 9,2%-ға өсті

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Мұнай тасымалдау
Мұнай тасымалдау - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Жазылу
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге немесе 9,2%-ға артық
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстанда 17,3 млрд текше метр газ өндірілді, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,46 млрд текше метрге немесе 9,2%-ға артық, деп хабарлаған ведомство кейбір БАҚ-та тараған өндірудің төмендегені жөніндегі ақпарат ресми деректерге сәйкес келмейтінін де мәлімдеді.
"Ұлттық статистика бюросының жедел деректері оң динамиканы растайды: өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,1%-ды құрады. Министрлік жағдайды объективті түрде көрсету үшін тек тексерілген деректерді пайдалануға шақырады", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, тұтынушылар үшін газ бағасының өсуі өндіру көлемімен байланысты емес. Бұл – баға белгілеудің нарықтық тетіктеріне көшуге бағытталған реформаның жоспарлы әрі бақылаудағы кезеңі.
Аталған шара саланың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету, жаңа кен орындарын игеруге инвестиция тарту және болашақта тапшылық тәуекелдерінің алдын алу үшін қажет, дейді ведомстводағылар.
Қаламқас-теңіз кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
ОПЕК+ сегіздігі қазанда мұнай өндіру көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады
Жаңалықтар
0