https://sputnik.kz/20251015/esirtki-saudasynan-tusken-kiristerdi-zhylystatatyn-130-alan-zhoyyldy-57901143.html
Есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстататын 130 алаң жойылды
Есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстататын 130 алаң жойылды
Sputnik Қазақстан
Агенттіктегілер бұл механизм қалай жұмыс істейтінін түсіндірді 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T10:03+0500
2025-10-15T10:03+0500
2025-10-15T10:05+0500
қаржыландыру
алаяқтық
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e9/05/03/53127737_0:352:1024:928_1920x0_80_0_0_7b12599bf5f8d8455c71676c890618ea.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторингі агенттігі криптобиржалардың заңсыз қызметін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.Агенттіктегілер бұл механизм қалай жұмыс істейтінін түсіндірді."Есірткі дүкендерінің" иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады. Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты "тазарту" үшін арнайы ақы алынады.Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады."Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы "кәсіби жылыстатушылар" ретінде әрекет етеді", - дейді агенттіктегілер.Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет ету қажеттігін ескертті.
https://sputnik.kz/20250922/qarzhylyq-monitoring-agenttigi-stomatologtardyn-qymbat-kolikterin-korsetti-57272957.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/03/53127737_0:256:1024:1024_1920x0_80_0_0_dc2417e48200a65ba1a88e1502870e10.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржыландыру, алаяқтық, есірткі
қаржыландыру, алаяқтық, есірткі
Есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстататын 130 алаң жойылды
10:03 15.10.2025 (жаңартылды: 10:05 15.10.2025) Агенттіктегілер бұл механизм қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторингі агенттігі криптобиржалардың заңсыз қызметін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын
хабарлады.
"Қылмыскерлермен интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды.Тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 млн USDT-ке тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.
Агенттіктегілер бұл механизм қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
"Есірткі дүкендерінің" иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады. Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты "тазарту" үшін арнайы ақы алынады.
Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады.
"Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы "кәсіби жылыстатушылар" ретінде әрекет етеді", - дейді агенттіктегілер.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет ету қажеттігін ескертті.