Қаржылық мониторинг агенттігі "стоматологтардың" қымбат көліктерін көрсетті

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанский автосалон
Казахстанский автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2025
Жазылу
Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер 15 қымбат автокөлік сатып алған
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысындағы атышулы "стоматологиялық іс" бойынша тәркіленген мүліктерді көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін агенттік қылмыстық топтар зейнетақы қорынан 200 млрд теңгеден астам қаржыны заңсыз шығарғанын хабарлаған болатын. Олар жиналған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 226 "дропперді" пайдаланған.
"Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер 15 қымбат автокөлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade) – жалпы құны 600 млн теңгеден астам – сондай-ақ зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта 59 тінту жұмысы жүргізілді. 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады.
Тергеу барысында тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
 Тіс емханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2025
Зейнетақы жинағын тіс емдеу үшін жұмсауға тыйым салына ма: министрлік жауабы
Жаңалықтар
0