https://sputnik.kz/20250916/zeynetaqy-zhinagyn-tis-emdeu-ushin-zhumsauga-tyyym-salyna-ma-ministrlik-zhauaby-57100350.html
Зейнетақы жинағын тіс емдеу үшін жұмсауға тыйым салына ма: министрлік жауабы
Зейнетақы жинағын тіс емдеу үшін жұмсауға тыйым салына ма: министрлік жауабы
Sputnik Қазақстан
Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер қайта қаралады 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T11:43+0500
2025-09-16T11:43+0500
2025-09-16T11:46+0500
тіс емханасы
денсаулық сақтау министрлігі
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/475/03/4750378_0:69:3000:1757_1920x0_80_0_0_ea69a77ff0c09945efd64e5f6641f386.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Министрліктің хабарлауынша, қазақстандықтар төлемдерді мақсатсыз пайдаланады.Денсаулық сақтау министрлігі "емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа енгізілген өзгерістерді жариялады.Нәтижесінде біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер қайта қаралады, деп хабарлады ведомстводағылар.Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында жалған құжаттарды ресімдеу арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға көмектескен бес қылмыстық топты бірден анықтады."Бұл үшін схемаларды ұйымдастырушылар Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларында және еліміздің басқа өңірлерінде орналасқан 30-дан астам стоматологиялық клиниканы пайдаланған", - деп хабарлады агенттіктегілер.Бұл медициналық ұйымдар тек қағаз жүзінде болған, шын мәнінде олар азаматтарға қызмет көрсетпеген. Қызмет көрсететін ғимарат, стоматологиялық клиникалардың басшылары мен құрылтайшылары тіпті медициналық білімі де болмаған.Жалған медициналық құжаттаманы ресімдегені үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстаған. Ақшаны одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер 226 дроппер пайдаланған.
https://sputnik.kz/20250111/qazaqstandyqtar-tis-emdeuge-qansha-aqsha-zhumsaydy----statistika-49894866.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/475/03/4750378_137:0:2868:2048_1920x0_80_0_0_6502bbec14f4784e4723487f8ee7ff63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тіс емханасы, денсаулық сақтау министрлігі, заң жобасы
тіс емханасы, денсаулық сақтау министрлігі, заң жобасы
Зейнетақы жинағын тіс емдеу үшін жұмсауға тыйым салына ма: министрлік жауабы
11:43 16.09.2025 (жаңартылды: 11:46 16.09.2025) Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер қайта қаралады
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Министрліктің хабарлауынша, қазақстандықтар төлемдерді мақсатсыз пайдаланады.
Денсаулық сақтау министрлігі "емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа енгізілген өзгерістерді жариялады.
"Зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайларын анықтауға байланысты стоматологиялық қызметтерге (тістерді протездеу, имплантациялау) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді", - делінген құжатта.
Нәтижесінде біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер қайта қаралады, деп хабарлады ведомстводағылар.
Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында жалған құжаттарды ресімдеу арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алуға көмектескен бес қылмыстық топты бірден анықтады.
"Бұл үшін схемаларды ұйымдастырушылар Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларында және еліміздің басқа өңірлерінде орналасқан 30-дан астам стоматологиялық клиниканы пайдаланған", - деп хабарлады агенттіктегілер.
Бұл медициналық ұйымдар тек қағаз жүзінде болған, шын мәнінде олар азаматтарға қызмет көрсетпеген. Қызмет көрсететін ғимарат, стоматологиялық клиникалардың басшылары мен құрылтайшылары тіпті медициналық білімі де болмаған.
Жалған медициналық құжаттаманы ресімдегені үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстаған. Ақшаны одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер 226 дроппер пайдаланған.