https://sputnik.kz/20251015/almaty-auezhayynda-lufthansa-kompaniyasynyn-ushagyna-zaqym-keldi-57900425.html
Алматы әуежайында Lufthansa компаниясының ұшағына зақым келді
Алматы әуежайында Lufthansa компаниясының ұшағына зақым келді
Sputnik Қазақстан
Ұшақ қозғалтқышының капотында сызаттар анықталды 15.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-15T09:26+0500
2025-10-15T09:26+0500
2025-10-15T09:27+0500
алматы
ұшақ
әуежай
https://sputnik.kz/img/04/67/046747_0:51:3001:1739_1920x0_80_0_0_ed8b4620f550f50b53437f95a6724178.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында ұшаққа қатысты төтенше жағдай болды деген ақпарат тарады.Әуежайдың баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме беріп, толық мәлімет ұсынды. Оқиға 13 қазанға қараған түні болған."Алматы-Астана бағытында LH648 рейсін орындайтын Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағына жанармай құю аяқталғаннан кейін жанармай құю көлігі қозғалған кезде ұшақтың қозғалтқышына тиіп кеткен. Ұшақты дереу инженерлік қызмет мамандары тексерді. Тексеру кезінде қозғалтқыштың кпотында аздаған сызаттар анықталды", - деп хабарлады әуежайдағылар.Қажетті техникалық процедуралардан кейін ұшақтың ұшуына рұқсат етілді. Қазір әуежайдың Ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп жатыр.Әуежайдың баспасөз қызметі келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылар мен экипаж мүшелерінен кешірім сұрайды.
https://sputnik.kz/20250805/almaty-auezhayy-zhylyna-40-mln-zholaushy-qabyldaydy-56165881.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/04/67/046747_0:0:2601:1951_1920x0_80_0_0_4cd090bd7314a5cb3fd5c6c3b7a0183e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ұшақ, әуежай
Алматы әуежайында Lufthansa компаниясының ұшағына зақым келді
09:26 15.10.2025 (жаңартылды: 09:27 15.10.2025) Ұшақ қозғалтқышының капотында сызаттар анықталды
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында ұшаққа қатысты төтенше жағдай болды деген ақпарат тарады.
Әуежайдың баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме беріп, толық мәлімет ұсынды. Оқиға 13 қазанға қараған түні болған.
"Алматы-Астана бағытында LH648 рейсін орындайтын Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағына жанармай құю аяқталғаннан кейін жанармай құю көлігі қозғалған кезде ұшақтың қозғалтқышына тиіп кеткен. Ұшақты дереу инженерлік қызмет мамандары тексерді. Тексеру кезінде қозғалтқыштың кпотында аздаған сызаттар анықталды", - деп хабарлады әуежайдағылар.
Қажетті техникалық процедуралардан кейін ұшақтың ұшуына рұқсат етілді. Қазір әуежайдың Ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп жатыр.
Әуежайдың баспасөз қызметі келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылар мен экипаж мүшелерінен кешірім сұрайды.