Алматы әуежайы жылына 40 млн жолаушы қабылдайды
12:30 05.08.2025 (жаңартылды: 12:36 05.08.2025)

© Photo : Министерство транспорта Казахстана
Жазылу
Биыл әуежай 12,5 млн жолаушыны қабылдауы мүмкін
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Алматы әужайы заманауи хабқа айналады. Бүгін жобаны жүзеге асыратын Horizon инвестициялық жобасының тұсаукесері болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі әуежай 90 жыл бұрын салынған, аумағы 17 га. Ұшаққа арналған 84 тұрағы мен 2 ұшу жолағы болған.
Жолаушы санын 40 миллионға жеткізеді
Биыл әуежай 12,5 млн жолаушыны қабылдауы мүмкін. Бұл әуежай Орта Азиядағы жүктемесі көп нысан. Күніне шамамен 40 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. ТМД бойынша 51-ші орынға тұрақтаған. Күрделі жағдайда да әуежай жұмысын тоқтатқан емес, дейді әуежай басшылығы.
"Жаңа халықаралық терминал былтыр жазда ашылған. Содан кейін біз инвестициялық жобаны жобалауға кірісіп кеттік. 2050 жылға дейін, яғни 25 жылда жолаушылар ағыны 35 млн-ға жетеді, жалпы 40 млн-ға жеткіземіз. Қазір әуежайда ұшу қону жолақтары мен көптеген нысан тозған. Қаржы ресурстарын экономикалық түрде пайдаланамыз. Тым қымбатқа бой көтерген әуежай транзиттік хабқа айналады", - Алматы қалалық халықаралық әуежай президенті Гокер Косе.
Әуежайға қанша млн доллар инвестиция салынады
Бірінші кезеңде 360 млн долларға 130 жоба жүзеге асады. Ішкі терминал толық жаңғыртылады. Ұзындығы 4400 параллельді жол құрылысы салынады, бұл ең ұзақ жол болады. Негізі ұшу-қону жолағы толық бұзылып, бетон негізде салынады. 20 жылда еш күрделі жөндеу жасалмайды. Проблемалық тұрақтар жаңартылады. Жүк перроны мен ірі аңғар, ұшақты өңдейтін алаң салынады. Әуежай қызметкерлерінің ауылы пайда болады. Көпқабатты замануи автотұрақ бой көтереді.
Ешбір кедергіге тоқтамай, жұмысты жүзеге асырамыз, дейді әуежай президенті.
Әлем бойынша 20 елде жұмыс істегендіктен, тәжірибеміз бар, бұл жұмыстар жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмейді, дейді ол. Егер жоба іске асу кезінде қандай да проблема болса, кешірім сұраймыз, дегенді де қосты.
Қазақстан үкіметінен қарыз да, қаржылай да көмек алмаймыз
Ішкі терминал ауқымды жөндеуді талап етеді. Негізі терминал жарылғыш затты анықтайтын құрылғымен жабдықталған.
"Қазіргі кезеңде әуежайдағы нысандардың 90%-і заңсыз жалға алынған. Оларды әуежай аумағынан шығарып, сапалы қызмет ұсынамыз. Жаңа әуежай әсем, әдемі болады. Жаңартылған ішкі терминал келесі жазда қызмет көрсете бастайды. Қазақстан үкіметінен еш қарыз немесе қаржылай қолдау алмаймыз. Әуежайда қазір 4,5 мың адам қызмет етеді. 1800 жаңа орын ашылады", - дейді Алматы әуежайының президенті
Көптеген қызметкер жақын аудандарда тұрады. Әуежай айналасындағы үйлерді бұзу жұмыстарын жасап жатырмыз, үй иелері қарсы емес, дейді Гокер Хосе.
"25 жылдық жоба болғандықтан, жалпы қанша сумма кететінін айту қиын. Жалпылама есебім 1,5 млрд доллар жұмсалуы мүмкін", - дейді әуежай президенті.
Жобаның бірінші кезеңі 2028 жылдың аяғында аяқталуы мүмкін.
Қысқасы, Алматының әуежайында ауқымды құрылыс басталады. Үш кезеңнен тұратын бұл жоба әуежайды әлемдік ХАБ-қай айналдырады.
