Қазақстанның қай облысында дайын тауарлар көп шығарылады

© Photo : Акимат Жамбылской области Жамбыл облысында ашылған кірпіш зауыты
Жамбыл облысында ашылған кірпіш зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібі 6,2 процентке өсті
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Ұлттық экономика дайын тауарларды шығаратын өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Азамат Амриннің айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі шығаратын тауарлардың көлемі өсіп келеді.

"Ең жоғары өсу Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалды. Ал өндірістің төмендеуі Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Ақмола облыстарында тіркелді", - деді Амрин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібі 6,2 процентке өсті. Өсім берген негізгі салалар:
көлік жасау (14%);
тамақ өнімдері (9,8%);
химия өнеркәсі (9,6%);
мұнай өңдеу өнімдері (7,5%);
металл бұйымдары (15,2%).
Биыл Қазақстанның тауарлар экспорты 50,2 млрд долларға жетті. Соның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 18,1 млрд долларды, ал ондай тауарлардың импорты 40,1 млрд долларды құрап отыр.
Қызылордада сантехника шығаратын жаңа зауыт салуға 70 млн еуро тартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Қызылордада сантехника шығаратын зауыт салуға 70 млн еуро тартылады
Жаңалықтар
0