Қызылордада сантехника шығаратын зауыт салуға 70 млн еуро тартылады

© Photo : Официальный сайт СЦК при президенте КазахстанаҚызылордада сантехника шығаратын жаңа зауыт салуға 70 млн еуро тартылады
Қызылордада сантехника шығаратын жаңа зауыт салуға 70 млн еуро тартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Кәсіпорынды іске қосу өңір тұрғындарын 300 жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қызылордада сантехникалық жабдықтар шығаратын ірі зауыт салынады. Бұл туралы Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен талқылады
Жоба испаниялық Roca Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр және аталған сала бойынша Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың біріне айналады.
© Photo : ҮкіметҚызылордада сантехника шығаратын зауыт салынады
Қызылордада сантехника өнімдерін шығаратын зауыт салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Қызылордада сантехника шығаратын зауыт салынады
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, жобаға тартылатын инвестиция көлемі 70 млн евроны құрайды, ал кәсіпорынды іске қосу өңір тұрғындарын 300 жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді.
"Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін біз шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Өткен жылы Roca Group компаниясымен Қызылордада өндіріс орнын ашу мәселесін талқыладық. Компания санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Roca Groupпен бірлесіп өндірісті бастау туралы негіздемелік келісімге қол қойылды", — деп атап өтті әкім.
Зауыт тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өнімді шетелге экспорттаумен де айналысады деп болжанып отыр.
Қарағанды облысында ферросилиций өндіретін жаңа зауыт салынып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Қарағанды облысында ферросилиций өндіретін жаңа зауыт салынып жатыр
Жаңалықтар
0