https://sputnik.kz/20251014/negizgi-zannyn-40-qa-zhuyq-baby-ozgeredi---toqaev-57880902.html
Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді - Тоқаев
Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады 14.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-14T12:20+0500
2025-10-14T12:20+0500
2025-10-14T12:22+0500
президент
парламент
реформа
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0e/57880742_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_180ce9670f0964787cabbf7ab01575a6.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Президент парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы бір палаталы парламент құру туралы бастама инновациялық саяси шешім болғанын, дегенмен қазір ел ішінде, әлеуметтік желіде түрлі ой-пікірлер айтылып жатқанын ескертті.Президент парламенттік реформа аса күрделі жұмыс болғандықтан, асығыстыққа жол беруге болматынын айтты."Мемлекет басшысы ретінде мен үшін парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады", - деді мемлекет басшысы.Ол бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін еместігін, сол себепті тыңғылықты дайындық керектігін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250911/parlamenttik-respublikaga-aynalu-maselesi-kun-tartibinde-turgan-zhoq--toqaev--56981542.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0e/57880742_76:0:1205:847_1920x0_80_0_0_95939bc566fb43b7c02db7f4c19ba3bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, парламент, реформа
президент, парламент, реформа
Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді - Тоқаев
12:20 14.10.2025 (жаңартылды: 12:22 14.10.2025) 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Президент парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады
Ақорда.
Мемлекет басшысы бір палаталы парламент құру туралы бастама инновациялық саяси шешім болғанын, дегенмен қазір ел ішінде, әлеуметтік желіде түрлі ой-пікірлер айтылып жатқанын ескертті.
"Басым көпшілігі мұны "әбден пісіп-жетілген мәселе" деп санайды. Тіпті, "Халықтың көбі қолдаған бастаманы талқылап, референдум өткізудің қажеті жоқ" деген ойлар да айтылып жатыр. "Реформаны созудың қажеті жоқ, таяу арада қысқа мерзім ішінде жасай салуға болады" деген пікірлер де бар. Шын мәнінде, қай жағынан алып қарасақ та, мәселе өте өзекті. Азаматтарымыздың әртүрлі пікір айтып, белсенді болғаны – жақсы үдеріс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент парламенттік реформа аса күрделі жұмыс болғандықтан, асығыстыққа жол беруге болматынын айтты.
"Мемлекет басшысы ретінде мен үшін парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады", - деді мемлекет басшысы.
Ол бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін еместігін, сол себепті тыңғылықты дайындық керектігін мәлімдеді.