Мыңдаған адам табыс салығынан босатылады – министрлік

© Sputnik / Тимур БатыршинМыңдаған адам табыс салығынан босатылады – министрлік
Мыңдаған адам табыс салығынан босатылады – министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жазылу
Қазіргі кезде салық бойынша ең төменгі шегерім 54 мың теңгені құрайды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Келер жылы жаңа Салық кодексі аясында мыңдаған адам табыс салығынан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде салық бойынша ең төменгі шегерім 54 мың теңгені құрайды. Ал келесі жылдан бастап бұл көрсеткіш 128 мыңға дейін көтеріледі. Осылайша, жалақысы осы мөлшерден аспайтын адамдардың айлығынан табыс салығы ұсталмайды.
"Келесі жылы орташа есеппен 150 мың теңгеге дейін жалақы алатын жұмысшылар табыс салығынан босатылады. Ал қазіргі салық есебіне сәйкес, ондай адамдар жұмысшылардың жартысын құрайды", - деді Амрин үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, келесі жылдан бастап азаматтық қызметкерлердің ең төменгі жалақысы да көтеріледі.
Келесі жылы қандай үйлер қымбаттауы мүмкін - вице-министр жауап берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Келесі жылы қандай үйлер қымбаттауы мүмкін - вице-министр жауап берді
Жаңалықтар
0