Жамбыл облысында мұғалім болғысы келген тұрғын директордың кабинетінің алдына тұз сепкен

© Pixabay / Bru-nOЖамбыл облысында мұғалім болғысы келген тұрғын директордың кабинетінің алдына тұз сепкен
Жамбыл облысында мұғалім болғысы келген тұрғын директордың кабинетінің алдына тұз сепкен - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2025
Жазылу
Ол тұз себу "рәсімін" жасағаны үшін жазаға тартылды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Жамбыл облысы тұрғынына тұзбен жасалған "рәсім" үшін әкімшілік айыппұл салынды.
Жуалы аудандық соты ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Іс материалына сәйкес, ол орта мектептің дәлізінде және директордың кабинетінің алдына тұз шашқан. Айыпталушы өзінің түсініктемесінде мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келгенін айтқан.
"Ол жұмысқа тұру мүмкін болмаған соң, тұзбен рәсім жасау арқылы қызметке кіремін деп ойлаған. Сотта азаматша жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап соттан қатаң жазаламауды сұрады", - делінген хабарламада.
Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Еңбек кітапшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жамбылда ер адам зейнетақы көлемін сот арқылы ұлғайтып алды
Жаңалықтар
0