https://sputnik.kz/20251008/zhambylda-er-adam-zeynetaqy-kolemin-sot-arqyly-ulgaytyp-aldy-57720442.html
Жамбылда ер адам зейнетақы көлемін сот арқылы ұлғайтып алды
Жамбылда ер адам зейнетақы көлемін сот арқылы ұлғайтып алды
Sputnik Қазақстан
Еңбек кітапшасының жоғалуына байланысты талап қоюшыға ең төменгі зейнетақы тағайындалған 08.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-08T21:40+0500
2025-10-08T21:40+0500
2025-10-08T22:00+0500
жамбыл облысы
зейнетақы жинағы
сот
https://sputnik.kz/img/481/50/4815082_0:239:2016:1373_1920x0_80_0_0_d64ae5b0580a7ee68831e96d9fdb906f.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында ер адам сот арқылы өзіне тағайындалған зейнетақы көлемін ұлғайтуға қол жеткізді.Мойынқұм аудандық сотында ер адамның еңбек өтілі фактісін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.Еңбек кітапшасының жоғалуына байланысты талап қоюшыға ең төменгі зейнетақы тағайындалып, оның "ПКМ-2006" кәсіпорнындағы жұмыс өтілі есепке алынбаған. Алайда арыз беруші 1988-1998 жылдар аралығында сол жерде жұмыс істеген.Уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгіну нәтиже бермегендіктен, зейнеткер еңбек өтілі есепке алынып, зейнетақы көлемін ұлғайту үшін сотқа жүгінген.Сот зейнеткердің арызын қанағаттандырып, оның кәсіпорындағы 10 жыл жұмыс өтілін растады.Сот шешімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20251007/adamdarga-nesie-aldyrtyp-tolemey-qoygan-emshige-sot-ukimi-shyqty-57695899.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/481/50/4815082_185:0:2016:1373_1920x0_80_0_0_0dc040eeb07cf2f9cf688e8220c8d45f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, зейнетақы жинағы, сот
жамбыл облысы, зейнетақы жинағы, сот
Жамбылда ер адам зейнетақы көлемін сот арқылы ұлғайтып алды
21:40 08.10.2025 (жаңартылды: 22:00 08.10.2025) Еңбек кітапшасының жоғалуына байланысты талап қоюшыға ең төменгі зейнетақы тағайындалған
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында ер адам сот арқылы өзіне тағайындалған зейнетақы көлемін ұлғайтуға қол жеткізді.
Мойынқұм аудандық сотында ер адамның еңбек өтілі фактісін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Еңбек кітапшасының жоғалуына байланысты талап қоюшыға ең төменгі зейнетақы тағайындалып, оның "ПКМ-2006" кәсіпорнындағы жұмыс өтілі есепке алынбаған. Алайда арыз беруші 1988-1998 жылдар аралығында сол жерде жұмыс істеген.
Уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгіну нәтиже бермегендіктен, зейнеткер еңбек өтілі есепке алынып, зейнетақы көлемін ұлғайту үшін сотқа жүгінген.
"Арыз берушінің дәлелдері сотта сол кезеңде онымен бірге жұмыс істеген екі куәгердің айғақтарымен және анықтамалармен расталды. Сот арыз берушінің еңбек өтілін белгілеудің басқа мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келді.. Өйткені ол жұмыс істеген мекеме таратылып кеткен", - деп жазылған хабарламада.
Сот зейнеткердің арызын қанағаттандырып, оның кәсіпорындағы 10 жыл жұмыс өтілін растады.
Сот шешімі заңды күшіне енді.