https://sputnik.kz/20251007/adamdarga-nesie-aldyrtyp-tolemey-qoygan-emshige-sot-ukimi-shyqty-57695899.html
Адамдарға несие алдыртып, төлемей қойған емшіге сот үкімі шықты
Адамдарға несие алдыртып, төлемей қойған емшіге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 580 миллион теңгені құрады 07.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-07T20:43+0500
2025-10-07T20:43+0500
2025-10-07T20:43+0500
ақтөбе
емшілер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Ақтөбе қалалық соты өзін "халық емшісі" деп таныстырып, адамдарды алдап соққан әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv."Емші" жалған медициналық қызмет көрсете отырып, ақтөбелік тұрғындарды мешітке, баланы шетелде емдеуге және бизнесін дамытуға ақша беруге көндірген.51 жастағы әйелдің алаяқтық әрекетінен 136 адам сан соғып қалған. Ол адамдарға алдыртқан несиені төлеуді тоқтатқанда, клиенттер алаяқтықтың құрбаны болғандарын түсінген.Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 580 миллион теңгені құрады. Сот оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Алайда жаза мерзімі екі жылға кейінге шегерілді.Шығындарды өтеу азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен орындалады. Үкім жарияланғаннан кейін сотталушының адвокаттары сот шешіміне толықтай қанағаттанғандарын мәлімдеді."Емші" жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
https://sputnik.kz/20250926/saryagashta-zeynetkerdi-bauyzdap-zhynys-mushesin-kesip-algan-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-57374202.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, емшілер, алаяқтық
ақтөбе, емшілер, алаяқтық
Адамдарға несие алдыртып, төлемей қойған емшіге сот үкімі шықты
Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 580 миллион теңгені құрады
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Ақтөбе қалалық соты өзін "халық емшісі" деп таныстырып, адамдарды алдап соққан әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Емші" жалған медициналық қызмет көрсете отырып, ақтөбелік тұрғындарды мешітке, баланы шетелде емдеуге және бизнесін дамытуға ақша беруге көндірген.
51 жастағы әйелдің алаяқтық әрекетінен 136 адам сан соғып қалған. Ол адамдарға алдыртқан несиені төлеуді тоқтатқанда, клиенттер алаяқтықтың құрбаны болғандарын түсінген.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 580 миллион теңгені құрады. Сот оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Алайда жаза мерзімі екі жылға кейінге шегерілді.
Шығындарды өтеу азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен орындалады. Үкім жарияланғаннан кейін сотталушының адвокаттары сот шешіміне толықтай қанағаттанғандарын мәлімдеді.
"Сот істің барлық мән-жайын, оның ішінде 12 жасар баласы бар екенін ескерді. Ол II топтағы мүгедек ретінде есепте тұрады, қант диабетімен ауырады", - дейді адвокат Эльмира Жұмабаева.
"Емші" жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.