https://sputnik.kz/20250926/saryagashta-zeynetkerdi-bauyzdap-zhynys-mushesin-kesip-algan-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-57374202.html
Сарыағашта зейнеткерді бауыздап, жыныс мүшесін кесіп алған ер адамға сот үкімі шықты
Сарыағашта зейнеткерді бауыздап, жыныс мүшесін кесіп алған ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
39 жастағы Өзбекстан азаматы мәжбүрлі емге жіберілді 26.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-26T11:08+0500
2025-09-26T11:08+0500
2025-09-26T11:08+0500
сарыағаш
адам өлтіру
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Сарыағашта зейнеткерді бауыздап өлтірген Өзбекстан азаматын Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәжбүрлі емге жіберу туралы қаулы шығарды. Сот қаулысына зейнеткердің туыстары келіспеген, деп хабарлайды Otyrar.kz.Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Адам өлтіру" бабымен күдікке ілінген 39 жастағы Өзбекстан азаматын мәжбүрлі емге жіберді. Сот қаулысына қарағанда, мамыр айында түнде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында зейнеткердің беті мен көзіне балтамен ұрып, арқанмен буындырып есінен тандырған. Артынан бауыздап, екі қолы мен жыныс мүшесін кесіп алған.Сотта айыпталушының жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратқаны дәлелденген. Десе де сот-психиятрия сараптамасының қорытындысы оның "Шизофренияның параноидті түріне" шалдыққанын, 6 жылдан бері есепте тұратынын анықтаған. Айыпталушы өз әрекетінің сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғынбаған.Сот қаулысына қарағанда, айыпталушы Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі Республикалық психиатриялық ауруханасына жіберілген. Десе де зейнеткердің туыстары сот қаулысымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.
https://sputnik.kz/20230916/almatyda-ayeldin-basyn-kesip-aldy-degen-kudikke-ilingen-er-adam-sotta-zhylap-zhiberdi-38510167.html
сарыағаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарыағаш, адам өлтіру
Сарыағашта зейнеткерді бауыздап, жыныс мүшесін кесіп алған ер адамға сот үкімі шықты
39 жастағы Өзбекстан азаматы мәжбүрлі емге жіберілді
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Сарыағашта зейнеткерді бауыздап өлтірген Өзбекстан азаматын Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәжбүрлі емге жіберу туралы қаулы шығарды. Сот қаулысына зейнеткердің туыстары келіспеген, деп хабарлайды
Otyrar.kz. Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Адам өлтіру" бабымен күдікке ілінген 39 жастағы Өзбекстан азаматын мәжбүрлі емге жіберді. Сот қаулысына қарағанда, мамыр айында түнде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында зейнеткердің беті мен көзіне балтамен ұрып, арқанмен буындырып есінен тандырған. Артынан бауыздап, екі қолы мен жыныс мүшесін кесіп алған.
"Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің өліміне кеңірдек, өңеш, мойын омыртқасы, жұлын, үлкен қан тамырларының кесіліп шабылған жарақаты, бас бөлігінің кесілуі себеп болған", - деп жазылған хабарламада.
Сотта айыпталушының жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратқаны дәлелденген. Десе де сот-психиятрия сараптамасының қорытындысы оның "Шизофренияның параноидті түріне" шалдыққанын, 6 жылдан бері есепте тұратынын анықтаған. Айыпталушы өз әрекетінің сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғынбаған.
"Нуриддинов Абдулхамид Мухторович Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағында қарастырылған қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған адам ретінде қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалсын", - деп жазылған сот үкімінде.
Сот қаулысына қарағанда, айыпталушы Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі Республикалық психиатриялық ауруханасына жіберілген. Десе де зейнеткердің туыстары сот қаулысымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.