https://sputnik.kz/20251013/mas-kuyde-bolgan-astana-turgyny-zhedel-zhardem-koliginin-terezesin-syndyrdy-57863558.html
Мас күйде болған: Астана тұрғыны жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырды
Мас күйде болған: Астана тұрғыны жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырды
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері Астанада бөгде мүлікті әдейі бүлдірген 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылған 13.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-13T19:56+0500
2025-10-13T19:56+0500
2025-10-13T19:56+0500
астана
вандализм
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16794851_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_0c79eb45315da4bbc9573d9d0f212596.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Аялдама мен жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырған вандалдар жазалады.Түнгі уақытта полицияға жедел жәрдем жүргізушісі хабарласып, белгісіз ер адамның Бейбітшілік көшесінде қызметтік көліктің алдыңғы терезесін сындырғанын жеткізген. Полиция қызметкерлері оған қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тағы бір осындай оқиға түнгі сағат үш шамасында болған. Мас ер адам аялдама павильонының әйнегін сындырған. Ол 10 тәулікке қамалды. Жыл басынан бері Астанада бөгде мүлікті әдейі бүлдіру немесе жою бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркеліп, 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылған.
https://sputnik.kz/20250531/astanada-zhyl-basynan-beri-80-vandal-zhauapqa-tartyldy-54152760.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16794851_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_937ec676ea224e4f359a3f44312c6915.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, вандализм
Мас күйде болған: Астана тұрғыны жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырды
Жыл басынан бері Астанада бөгде мүлікті әдейі бүлдірген 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылған
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Аялдама мен жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырған вандалдар жазалады.
Түнгі уақытта полицияға жедел жәрдем жүргізушісі хабарласып, белгісіз ер адамның Бейбітшілік көшесінде қызметтік көліктің алдыңғы терезесін сындырғанын жеткізген.
"Тексеру кезінде 44 жастағы азаматтың мас күйінде көшеде кетіп бара жатып, алдынан өткен жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырғаны анықталды. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі зақымданған", - дейді полиция.
Полиция қызметкерлері оған қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Тағы бір осындай оқиға түнгі сағат үш шамасында болған. Мас ер адам аялдама павильонының әйнегін сындырған. Ол 10 тәулікке қамалды.
Жыл басынан бері Астанада бөгде мүлікті әдейі бүлдіру немесе жою бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркеліп, 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылған.