Астанада жыл басынан бері 80 вандал жауапқа тартылды

© Photo : Астана прокуратурасыАстанада жыл басынан бері 80 вандал жауапқа тартылды
Астанада жыл басынан бері 80 вандал жауапқа тартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Жазылу
Қала прокуратурасы, полиция органдары және жергілікті атқарушы органдарымен бірге вандализмге қарсы күресті жалғастырып жатыр
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Астанада жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 80 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлады қала прокуратурасы.
"Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 80 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 54 адам қамаққа алынды, 26 құқықбұзушыға жалпы сомасы 4,6 млн теңге айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Мысалы, ағымдағы жылдың 10 мамырында сағат 07.00-де "Женева" тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде лифт конструкциясын қасақана зақымдап, аяғымен шыны есікті сындырған астаналық тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды. Ол 40 мың теңгеге шығын келтірді.
Сондай-ақ 28 жастағы қала тұрғыны мас күйінде дүкеннің әйнек терезесін кірпішпен сындырған.
Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау және қоғамдық тәртіпті, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылғанын ескертті.
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
Қазақстанда вандализм үшін жаза күшейтіледі
Жаңалықтар
0