https://sputnik.kz/20251013/kiberalayaqtardan-zardap-shekkenderdin-aqshasy-qalay-qaytarylady---ministr-zhauaby-57850457.html
Кибералаяқтардан зардап шеккендердің ақшасы қалай қайтарылады - министр жауабы
Кибералаяқтардан зардап шеккендердің ақшасы қалай қайтарылады - министр жауабы
Sputnik Қазақстан
Бірақ шетел аумағынан жасалған алаяқтық фактілері бойынша өтемақы алу оңай емес 13.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-13T11:43+0500
2025-10-13T11:43+0500
2025-10-13T11:46+0500
үкімет
алаяқтық
өтемақы
https://sputnik.kz/img/1048/70/10487034_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_98c746ae48420a93d4f1a9da642a3dfe.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов кибералаяқтардан зардап шеккендердің ақшасы қалай қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін үкімет сағатында депутаттар Украинаның екі қаласында ұсталған трансұлттық қылмыстық топ және одан келген шығынды өтеу жайында сұрады. Осы операцияға қазақстандық тәртіп сақшылары да қатысты. Себебі қылмыстық топ мүшелері қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған.Министрдің айтуынша, Украинадағы бірлескен операция кезінде 32 адам ұсталған болатын. Бірақ оларды Қазақстанға бермейді, сол жақта соттайды.Бірақ шетел аумағынан жасалған алаяқтық фактілері бойынша өтемақы алу оңай емес."Өйткені мынау Украинада ұсталған қылмыстық топтың өзін ғана алсақ, зардап шеккендер көп. Ол жерде Қазақстан азаматтары ғана емес, өздерінікі бар, Ресейдікі бар, тағысын тағы. Соның бәрін жинап тергеу үшін біраз уақыт керек", - деді Сәденов.
https://sputnik.kz/20250912/qazaqstan-resey-zhane-qyrgyzstan-politseyleri-kiber-alayaqtyq-arnasyn-zhoydy-57022429.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1048/70/10487034_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_75616f4ae71bb6724e98b1da1d987067.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, алаяқтық, өтемақы
үкімет, алаяқтық, өтемақы
Кибералаяқтардан зардап шеккендердің ақшасы қалай қайтарылады - министр жауабы
11:43 13.10.2025 (жаңартылды: 11:46 13.10.2025) Бірақ шетел аумағынан жасалған алаяқтық фактілері бойынша өтемақы алу оңай емес
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов кибералаяқтардан зардап шеккендердің ақшасы қалай қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкімет сағатында депутаттар Украинаның екі қаласында
ұсталған трансұлттық қылмыстық топ және одан келген шығынды өтеу жайында сұрады. Осы операцияға қазақстандық тәртіп сақшылары да қатысты. Себебі қылмыстық топ мүшелері қазақстандықтарды телефон арқылы алдаған.
Министрдің айтуынша, Украинадағы бірлескен операция кезінде 32 адам ұсталған болатын. Бірақ оларды Қазақстанға бермейді, сол жақта соттайды.
"Ал тергеу шаралары екі елде қатар жүргізіледі. Біз ұсталған қылмыскерлердің базасын қарадық. Шынымен де, зардап шеккен өзіміздің азаматтарымыз бар. Біз алдымен оларды жәбірленуші деп танимыз. Сосын барлық материалды Украинаға жібереміз. Олар да тергеу жүргізіп, қылмыстық істерді сотқа тапсырады. Ал соттың шешімімен жәбірленішулер өз өтемақыларын алады", - деді Сәденов қоғамдық тәртіп мәселелеріне арналған үкімет сағатында.
Бірақ шетел аумағынан жасалған алаяқтық фактілері бойынша өтемақы алу оңай емес.
"Өйткені мынау Украинада ұсталған қылмыстық топтың өзін ғана алсақ, зардап шеккендер көп. Ол жерде Қазақстан азаматтары ғана емес, өздерінікі бар, Ресейдікі бар, тағысын тағы. Соның бәрін жинап тергеу үшін біраз уақыт керек", - деді Сәденов.