https://sputnik.kz/20251013/deputat-ministrden-uyaly-telefonyn-tauyp-berudi-surady-57855834.html
Депутат министрден ұялы телефонын тауып беруді сұрады
Депутат министрден ұялы телефонын тауып беруді сұрады
Sputnik Қазақстан
Ержан Сәденов депутат жоғалтқан смартфон сұр схемамен жеткізілуі мүмкін деген болжам жасады 13.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-13T13:53+0500
2025-10-13T13:53+0500
2025-10-13T14:02+0500
ішкі істер министрлігі
үкімет
ұялы телефон
https://sputnik.kz/img/323/01/3230190_0:208:3500:2177_1920x0_80_0_0_cc9122d3ea486725776a027a77c427e8.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутатқа смартфонды тауып беруге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін қоғамдық тәртіп мәселелеріне арналған үкімет сағатында депутат Самат Нұртаза жоғалған смартфондар мәселесін көтерді.Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутат жоғалтқан смартфон сұр схемамен жеткізілуі мүмкін деген болжам жасады."Өйткені шынымен де таба алмай жатырмыз. "Пиратский" дейді, сондай болуы мүмкін. Сондықтан ұялы телефонды сатып алғанда мұқият қарау керек. Жалпы, проблема бар",-деді Сәденов.Министр депутаттың ұялы телефонын тауып беруге уәде берді.
https://sputnik.kz/20251008/deputat-peruashev-ariptesinin-sozine-renzhip-qaldy-57717072.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/323/01/3230190_160:0:3341:2386_1920x0_80_0_0_5ed97c7aef4fce92dbe3b606f7d86e09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, үкімет, ұялы телефон
ішкі істер министрлігі, үкімет, ұялы телефон
Депутат министрден ұялы телефонын тауып беруді сұрады
13:53 13.10.2025 (жаңартылды: 14:02 13.10.2025) Ержан Сәденов депутат жоғалтқан смартфон сұр схемамен жеткізілуі мүмкін деген болжам жасады
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутатқа смартфонды тауып беруге уәде берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін қоғамдық тәртіп мәселелеріне арналған үкімет сағатында депутат Самат Нұртаза жоғалған смартфондар мәселесін көтерді.
"Сіз 1,5 млн камерамыз бар, 58 пайыз қылмыс ашылып жатыр деп тұрсыз. Қарапайым сұрақ, онда неге жоғалған смартфондар табылмайды? Менің арызым әлі жатыр. Бір жарым жыл болды. Жарайды, мені қойшы, қарапайым халық қаншама смартфонын жоғалтады. Ішінде қымбатты суреттері, байланыс нөмірлері болады", - деді Нұртаза.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов депутат жоғалтқан смартфон сұр схемамен жеткізілуі мүмкін деген болжам жасады.
"Өйткені шынымен де таба алмай жатырмыз. "Пиратский" дейді, сондай болуы мүмкін. Сондықтан ұялы телефонды сатып алғанда мұқият қарау керек. Жалпы, проблема бар",-деді Сәденов.
Министр депутаттың ұялы телефонын тауып беруге уәде берді.
"Мына жерде әріптестеріміз отыр, Лепеха, Әділов (министрдің орынбасарлары - Sputnik) отыр. Аша алмай жүргендер…Қараймыз. Табамыз",- деді ол.