Депутат Перуашев әріптесінің сөзіне ренжіп қалды

© PhotoАзат Перуашев
Азат Перуашев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
"Amanat" партиясының өкілі Марат Башимов өз сөзінде кодексті талқылау кезінде лоббистердің қарсылығын байқағанын мәлімдеді
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әріптесінің сөзіне ренжіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін парламенттің төменгі палатасында жаңа Құрылыс кодексінің жобасы қаралды. Сол кезде Жалпыұлттық социал-демократтар партиясы заңға қарсы дауыс берсе, "Ақжолдың" депутаттары қалыс қалды. "Amanat"-тың өкілі Марат Башимов өз сөзінде кодексті талқылау кезінде лоббистердің қарсылығын байқағанын мәлімдеді.
"Мен бұл заң жобасын қабылдауды ұсынамын. Мен өзім жұмыс тобының отырысында прогрессивті нормаларды қабылдауға деген қарсылықты ашық көрдім. Оған қарсы неше түрлі лоббисстер шығып жатыр. Бұл – лоббистер ең көп шоғырланған сала, ең жемқор сала. Ал заңда бизнестің мүддесі емес, халықтың қауіпсіздігі жазылған. Бұл Құрылыс кодексі, шынымен де, прогрессивті бағытта алға жүретін, қарапайым халықтың құқығын қорғайтын адамдардың жеңісі. Әйтпесе, 30 жылдың ішінде барлық жерде олигархтар. Алматыда, Астанада, Шымкентте оларға қарсы ешкім ештеңе істей алмады", - деді Башимов.
Осыдан кейін кодексті қабылдаудан қалыс қалған фракция басшысы Азат Перуашев тағы сөз сұрады.
"Қазір бір-бірімізге лоббист деп жатырмыз, анау-мынау. Бұл – артық сөз. Алысқа бармай-ақ қояйық. Бір-бірімізді сыйлап, бірге қарастырайық", - деп ренжіді Перуашев.
Ал мәжіліс спикері Ерлан Қошанов: "Марат Советұлы, сіз депутат Перуашевті лоббист дедіңіз ғой", - деп қалжыңдай салды.
Айта кетері, екі фракция жаңа Құрылыс кодексің қолдамаса да, депутаттардың басым дауысымен заң қабылданды. Алдағы уақытта депутаттар оны екінші оқылымда қарайды.
Құрылыс саласында бір терезе жүйесі енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Депутаттар жаңа Құрылыс кодексін мақұлдады - екі фракция қолдаған жоқ
Жаңалықтар
0