https://sputnik.kz/20251012/qazaqair-ushagynda-bolgan-zhagdayga-qatysty-tergeu-bastaldy-57832700.html
Qazaq Air ұшағында болған жағдайға қатысты тергеу басталды
Qazaq Air ұшағында болған жағдайға қатысты тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
Әуе бортында техникалық ақау болған 12.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-12T13:34+0500
2025-10-12T13:34+0500
2025-10-12T14:19+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e8/04/17/43861980_0:132:1173:792_1920x0_80_0_0_38654b76759cd0e03d7ddff23a5059fb.jpg
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sutnik. Қостанай - Астана әуе рейсін орындау кезінде Qazaq Air ұшағында болған оқыс жағдайға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға сенбі болған. Қостанай-Астана тұрақты рейсін орындаған QazaqAir әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақаулыққа байланысты Қостанай әуежайына оралуға мәжбүр болды. Әуе компаниясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді."Әуе кемесінде техникалық ақау болып, осыған байланысты ұшу процесі тоқтатылды. Кейбір жолаушылар шасси жанында жарқыл байқаған. Техникалық байқау жүргізу кезінде бұл ескерілетін болады. Авиакомпанияның техникалық командасы ақауларды тексеру және жою үшін Қостанай әуежайына жіберілді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Жолаушыларға қонақүйге орналастыру, билеттердің құнын толық қайтару немесе оларды басқа рейстерге айырбастау ұсынылған.Ал көлік министрлігі тергеу жүргізілетінін мәлімдеді."Қостанай - Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", - деді ведомстводағылар.
https://sputnik.kz/20250901/almatydan-aqtauga-shyqqan-air-astana-ushagy-shugyl-qonuga-mazhbur-boldy-56732885.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/17/43861980_117:0:1173:792_1920x0_80_0_0_838d35afa303bae9b4e96bfb508b3318.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
Qazaq Air ұшағында болған жағдайға қатысты тергеу басталды
13:34 12.10.2025 (жаңартылды: 14:19 12.10.2025) Әуе бортында техникалық ақау болған
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sutnik. Қостанай - Астана әуе рейсін орындау кезінде Qazaq Air ұшағында болған оқыс жағдайға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оқиға сенбі болған. Қостанай-Астана тұрақты рейсін орындаған QazaqAir әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақаулыққа байланысты Қостанай әуежайына оралуға мәжбүр болды. Әуе компаниясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Әуе кемесінде техникалық ақау болып, осыған байланысты ұшу процесі тоқтатылды. Кейбір жолаушылар шасси жанында жарқыл байқаған. Техникалық байқау жүргізу кезінде бұл ескерілетін болады. Авиакомпанияның техникалық командасы ақауларды тексеру және жою үшін Қостанай әуежайына жіберілді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жолаушыларға қонақүйге орналастыру, билеттердің құнын толық қайтару немесе оларды басқа рейстерге айырбастау ұсынылған.
Ал көлік министрлігі тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.
"Қостанай - Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", - деді ведомстводағылар.