https://sputnik.kz/20251011/turkistan-oblysynda-18-mlrd-tengenin-zher-telimi-zansyz-paydalanuga-berilgen-57810409.html
Түркістан облысында 1,8 млрд теңгенің жер телімі заңсыз пайдалануға берілген
Түркістан облысында 1,8 млрд теңгенің жер телімі заңсыз пайдалануға берілген
Sputnik Қазақстан
400 гектарды алып жатқан 150 жер учаскесінің нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген 11.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-11T16:07+0500
2025-10-11T16:07+0500
2025-10-11T18:54+0500
түркістан облысы
жер телімі
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_0:49:3072:1777_1920x0_80_0_0_e2ec2c9dab09fde4bc450cd27f531c58.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Түркістан облысында 190 жер телімі заңсыз пайдалануға берілген. Бұл туралы Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев жер заңнамасының сақталуы жөніндегі алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.Соңғы 3 жылда, яғни 2023-2025 жылдары облыс көлемінде 6 мың гектардан астам, құны 1,8 млрд теңге болатын 190 жер учаскесі заңсыз берілген.Әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды.Осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілген.
https://sputnik.kz/20250908/qazaqstanda-zher-beru-tartibi-ozgeredi-56896655.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_51:0:2782:2048_1920x0_80_0_0_fa3d2549bf204d6532ec088208d0478a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, жер телімі, әкімдік
түркістан облысы, жер телімі, әкімдік
Түркістан облысында 1,8 млрд теңгенің жер телімі заңсыз пайдалануға берілген
16:07 11.10.2025 (жаңартылды: 18:54 11.10.2025) 400 гектарды алып жатқан 150 жер учаскесінің нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Түркістан облысында 190 жер телімі заңсыз пайдалануға берілген. Бұл туралы Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев жер заңнамасының сақталуы жөніндегі алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды
Аlmaty.tv тілшісі.
Соңғы 3 жылда, яғни 2023-2025 жылдары облыс көлемінде 6 мың гектардан астам, құны 1,8 млрд теңге болатын 190 жер учаскесі заңсыз берілген.
Әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды.
"Онымен қоса, 400 гектарды алып жатқан 150 жер учаскесінің нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған", - делінген хабарламада.
Осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілген.