https://sputnik.kz/20250908/qazaqstanda-zher-beru-tartibi-ozgeredi-56896655.html
Қазақстанда жер беру тәртібі өзгереді
Қазақстанда жер беру тәртібі өзгереді
Sputnik Қазақстан
Әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек, деп тапсырды президент 08.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-08T11:58+0500
2025-09-08T11:58+0500
2025-09-08T12:06+0500
жер телімі
қазақстан халқына арналған жолдау
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/200/69/2006978_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_b99f8576a0784cda42332eb093743c8d.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін өзгертуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осы уақытқа дейін мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері аз емес. Бірақ үш жылдың ішінде 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылса да, жартысы ғана жаңа жер иеленушілерге таратылды.Президенттің айтуынша, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта және электронды конкурстардың негізінде қабылдануы шарт."Үкімет жылдың соңына дейін заңнамаға тиісті өзгерістерді ұсынуы қажет", - деді Тоқаев.Осы орайда президент жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керектігін де ерекше айтты. "Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді-дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс. Бұл – орман шаруашылығына да қатысты мәселе. Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектар орманның иесіз жатқаны анықталды", - деді мемлекет басшысы.Бұдан бөлек, жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасы әзірленеді. Оған кадастрлық мәліметтерді, инфрақұрылымға және жер қойнауын пайдалануға қатысты ақпаратты кіріктіру қажет.
https://sputnik.kz/20250908/toqaev-tagy-eki-aes-tyn-zhosparyn-azirleudi-tapsyrdy-56895674.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/200/69/2006978_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5f60b0cd3e83c74fd7e737e759f89827.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер телімі, қазақстан халқына арналған жолдау, ауыл шаруашылығы
жер телімі, қазақстан халқына арналған жолдау, ауыл шаруашылығы
Қазақстанда жер беру тәртібі өзгереді
11:58 08.09.2025 (жаңартылды: 12:06 08.09.2025) Әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек, деп тапсырды президент
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін өзгертуді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы уақытқа дейін мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері аз емес. Бірақ үш жылдың ішінде 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылса да, жартысы ғана жаңа жер иеленушілерге таратылды.
"Сондықтан әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс. Жалпы, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек", - деді Тоқаев халыққа арнаған жолдауында.
Президенттің айтуынша, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта және электронды конкурстардың негізінде қабылдануы шарт.
"Үкімет жылдың соңына дейін заңнамаға тиісті өзгерістерді ұсынуы қажет", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керектігін де ерекше айтты.
"Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді-дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс. Бұл – орман шаруашылығына да қатысты мәселе. Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектар орманның иесіз жатқаны анықталды", - деді мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасы әзірленеді. Оған кадастрлық мәліметтерді, инфрақұрылымға және жер қойнауын пайдалануға қатысты ақпаратты кіріктіру қажет.