https://sputnik.kz/20251011/aqtauda-otandyq-ondirushilerdin-munay-gaz-mashina-zhasau-forumy-otti--57782472.html
Мұнай-газ машина жасау саласындағы отандық өндірушілер 244 млрд теңгеге келісімшарт жасады
Мұнай-газ машина жасау саласындағы отандық өндірушілер 244 млрд теңгеге келісімшарт жасады
Sputnik Қазақстан
Ақтауда өткен форум алаңында 45 компания өз өнімдерін ұсынды 11.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-11T10:02+0500
2025-10-11T10:02+0500
2025-10-13T15:02+0500
ақтау
форум
компания
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57782617_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a1cd2981096fb6cf85b029c8b75c1199.jpg
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Ақтау қаласында Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының қатысуымен мұнай-газ машина жасау форумы және операторлардың ашық есік күні өтті.Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ірі мұнай-газ операторларының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Форум алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтіп, 45 компания металл құрылымдар, құбырлар, сорғылар, мұнай-химия, химиялық жабдықтар және т.б. өнімдерін ұсынды.Салтанатты шара аясында жалпы сомасы 244 млрд теңге болатын шамамен 40 келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында 19 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар өндірістік және сервистік мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ отандық жеткізушілердің ірі жобалардың жабдықтау тізбегіне қатысуын ынталандыруға бағытталған.
https://sputnik.kz/20250626/minskide-iv-euraziyalyq-ekonomikalyq-forum-ashyldy-55117548.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57782617_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_185af5ac011db4fafba205d83e8e55f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, форум, компания
Мұнай-газ машина жасау саласындағы отандық өндірушілер 244 млрд теңгеге келісімшарт жасады
10:02 11.10.2025 (жаңартылды: 15:02 13.10.2025) Ақтауда өткен форум алаңында 45 компания өз өнімдерін ұсынды
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Ақтау қаласында Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының қатысуымен мұнай-газ машина жасау форумы және операторлардың ашық есік күні өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ірі мұнай-газ операторларының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Форум алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтіп, 45 компания металл құрылымдар, құбырлар, сорғылар, мұнай-химия, химиялық жабдықтар және т.б. өнімдерін ұсынды.
"Шараның басты мақсаты – еліміздің ірі жобаларында отандық тауарөндірушілердің қатысуын қолдау арқылы отандық өндірісті кеңінен дамыту, импортқа тәуелділікті азайту және өңіріміздің кәсіпорындарына тың мүмкіндіктер беру", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шара аясында жалпы сомасы 244 млрд теңге болатын шамамен 40 келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында 19 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар өндірістік және сервистік мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ отандық жеткізушілердің ірі жобалардың жабдықтау тізбегіне қатысуын ынталандыруға бағытталған.