Минскте IV Еуразиялық экономикалық форум ашылды

© Photo : Пресс-служба ЕЭКМинсктегі ЕЭФ
Минсктегі ЕЭФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
Іскерлік шараға Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары қатысады
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Беларусь астанасында IV Еуразиялық экономикалық форум ашылды.
Іс-шараның негізгі тақырыбы – "Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: нәтижелер мен перспективалар".
Форумның ашылу салтанатына Беларусь премьер-министрі, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің төрағасы Александр Турчин және ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Олар форумға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
"Форум жылдан жылға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бизнес-қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдары арасындағы ашық диалогтың маңызды халықаралық алаңына айналып келеді", - деді Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭФ-2025 іскерлік бағдарламасы ЕАЭО мемлекеттері басшылары мен халықаралық делегациялар басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс, сондай-ақ отыздан астам тақырыптық іс-шараларды қамтиды.
Минск - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Минскте Еуразиялық экономикалық форум басталады
Жаңалықтар
0