https://sputnik.kz/20250626/minskte-euraziyalyq-ekonomikalyq-forum-bastalady-55109933.html
Минскте Еуразиялық экономикалық форум басталады
Минскте Еуразиялық экономикалық форум басталады
Sputnik Қазақстан
Беларусь астанасы ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларын қабылдайды 26.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-26T09:53+0500
2025-06-26T09:53+0500
2025-06-26T10:07+0500
еаэо
беларусь
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1a/55106358_0:24:3292:1877_1920x0_80_0_0_6c816871aca49af5977f0f92b102438b.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 26-27 маусымда Минскте Еуразиялық экономикалық форум өтеді.Форумға 33 елден 2,7 мыңнан астам адам қатысады. Бағдарлама алты негізгі тақырыптық блокты, оның ішінде 35 іс-шараны қамтиды.ЕАЭО елдерінің басшылары қатысатын пленарлық отырыс Форумның басты іс-шарасы болады. Форум Минскте Беларусьтің ЕАЭО-ға төрағалығына байланысты өтіп жатыр және ЕАЭО Жоғарғы кеңесінің отырысына орайластырылып отыр.2025 жылғы пленарлық отырыстың тақырыбы – "Еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиясы: нәтижелер мен перспективалар". Оған Армения премьер-министрі Никол Пашиняннан басқа Минскіге келетін барлық көшбасшылар қатысады, Пашинян бейнебайланыс арқылы қатысады.Форумда Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-ның жаңа көпполярлы архитектураны қалыптастырудағы рөлін бағалап, қауымдастық пен жаһандық және өңірлік қаржы инфрақұрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айтады.Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, соынмен қатар ТМД елдерінің үкімет басшылары мен министрлері қатысады.ЕАЭО құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.
https://sputnik.kz/20250625/nemis-kompaniyasy-zhambyl-oblysynda-zauyt-salady-55092640.html
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1a/55106358_37:0:2768:2048_1920x0_80_0_0_38e8bbfdc7cae3735ca45a5f91a81b26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, беларусь
Минскте Еуразиялық экономикалық форум басталады
09:53 26.06.2025 (жаңартылды: 10:07 26.06.2025) Беларусь астанасы ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларын қабылдайды
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 26-27 маусымда Минскте Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
Форумға 33 елден 2,7 мыңнан астам адам қатысады. Бағдарлама алты негізгі тақырыптық блокты, оның ішінде 35 іс-шараны қамтиды.
ЕАЭО елдерінің басшылары қатысатын пленарлық отырыс Форумның басты іс-шарасы болады. Форум Минскте Беларусьтің ЕАЭО-ға төрағалығына байланысты өтіп жатыр және ЕАЭО Жоғарғы кеңесінің отырысына орайластырылып отыр.
2025 жылғы пленарлық отырыстың тақырыбы – "Еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиясы: нәтижелер мен перспективалар". Оған Армения премьер-министрі Никол Пашиняннан басқа Минскіге келетін барлық көшбасшылар қатысады, Пашинян бейнебайланыс арқылы қатысады.
Форумда Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО-ның жаңа көпполярлы архитектураны қалыптастырудағы рөлін бағалап, қауымдастық пен жаһандық және өңірлік қаржы инфрақұрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айтады.
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, соынмен қатар ТМД елдерінің үкімет басшылары мен министрлері қатысады.
ЕАЭО құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения кіреді.