Жамбыл облысында ауруханаға түскен 6 жастағы бала көз жұмды

Аурухана кабинеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2025
Жазылу
Баланың жағдайы орташа ауырлықта болған
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында ауруханаға түскен 6 жастағы бала көз жұмды.
Тұрар Рысқұлов аудандық ауруханасында көз жұмған баланың туыстары бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, баланың анасы дәл осы ауруханада екі жыл бұрын қайтыс болған.
Медициналық мекеменің мәліметінше, бала ауруханаға жоспарлы түрде апасымен бірге түскен.
"7 қазаннан бері клиникалық хаттамаға сәйкес тиісті зерттеулер жасалып, тағайындалған емді қабылдаған. Баланың жағдайы орташа ауырлықта болған. 10 қазанда сағат 06.55-те кенеттен қайтыс болған. Қазіргі уақытта баланың өлім себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады аудандық ауруханадағылар.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысы дайын болғанда осы жағдайға қатысты толық мәлімет беріледі, дейді дәрігерлер.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жамбыл облысында 92 млн теңге еңбекақысын даулаған жұмысшы сотқа жүгінді
Жаңалықтар
0