Жамбыл облысында 92 млн теңге еңбекақысын даулаған жұмысшы сотқа жүгінді

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны жұмыс берушіден 92 миллион теңге жалақысын даулап, сотқа жүгінді, деп хабарлайды облыстық сот.
"Жұмысшы компанияда 2020 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін күрделі құрылыс қызметінің басшысы болып еңбек еткен. Еңбек шартының талаптарына сәйкес оның лауазымдық жалақысы 1 млн теңге болған, оған қоса сыйақы уәде етілген. Қосымша жұмыс ақысын да алу керек болған. Алайда 2021 жылдың шілдесінен 2023 жылдың маусымына дейін жұмыс беруші жалақы төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған", - дейді ведомство.
Компания қарызды мойындағанына қарамастан, төлемдер жасамаған. Жұмысшы сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
"Сот компанияны жұмысшыға 92,3 млн теңге сомасында жалақы бойынша қарызды төлеуді міндеттеді. Сонымен қатар жауапкерден 923 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді", - дейді ведомство.
Шешім заңды күшіне енді.
Қария - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Оралда зейнетақы көлеміне көңілі толмаған қария сотқа жүгінді
Жаңалықтар
0