https://sputnik.kz/20251010/toqaev-tmd-memleketteri-basshylary-kenesinin-otyrysynda-soz-soyledi-57773397.html
Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау әрекеттеріне қарсы - Тоқаев
Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау әрекеттеріне қарсы - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі 10.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-10T14:17+0500
2025-10-10T14:17+0500
2025-10-10T14:34+0500
қасым-жомарт тоқаев
тмд
саммит
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0a/57772835_0:47:1280:767_1920x0_80_0_0_cbd7d877e0624576de3a3ed231ff969f.jpg
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі.Мемлекет басшысының пікірінше, ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дәлелдеді. Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысы елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.Президент биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтіп жатқанын еске салды.Біз халықаралық құқықтың іргесі сөгіле бастағанын, қақтығысқан мемлекеттер арасындағы сенім деңгейі әбден төмендегенін, көзқарастар қайшылығы күшейе түскенін, көпжақты дипломатияның дағдарысқа ұшырағанын, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік әлеуеті әлсірегенін алаңдаушылықпен қабылдаймыз, деп жалғастырды президент.
https://sputnik.kz/20251008/toqaev-ortalyq-aziya--resey-sammitine-qatysu-ushin-tazhikstanga-barady-57716932.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0a/57772835_98:0:1182:813_1920x0_80_0_0_4b5172c0e80754b4fd9cee0535d59e55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тмд, саммит
қасым-жомарт тоқаев, тмд, саммит
Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау әрекеттеріне қарсы - Тоқаев
14:17 10.10.2025 (жаңартылды: 14:34 10.10.2025) Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі.
Мемлекет басшысының пікірінше, ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дәлелдеді.
Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысы елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Президент биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтіп жатқанын еске салды.
"Барлық мемлекеттің дамуына жол ашатын жалпыадамзаттық құндылықтарды ауыр жағдайда қорғаған әкелеріміз бен аналарымыздың, жеңімпаз ұрпақтың өшпес ерлігін қазақстандықтар қастер тұтады. ТМД аумағында, соның ішінде Қазақстанда айтулы мерейтой лайықты деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шаралардың шырқау шегі Мәскеу мен Бейжіңде өткен ауқымды әрі мазмұнды салтанатты шерулер болды", - деді президент.
Біз халықаралық құқықтың іргесі сөгіле бастағанын, қақтығысқан мемлекеттер арасындағы сенім деңгейі әбден төмендегенін, көзқарастар қайшылығы күшейе түскенін, көпжақты дипломатияның дағдарысқа ұшырағанын, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік әлеуеті әлсірегенін алаңдаушылықпен қабылдаймыз, деп жалғастырды президент.
"Осындай геосаяси дүрбелеңдер жағдайында барлық қақтығыс факторын жою үшін ТМД елдері мен барша жақтастарымыздың күш біріктіруі өте өзекті. Мұны өзара түсіністік пен жан-жақты ойластырылған іс-қимыл арқылы шешуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.