Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысу үшін Тәжікстанға барады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Қазақстан президенті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына да қатысады
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 9-10 қазанда Душанбеге барады.
Қазақстан президенті "Орталық Азия-Ресей" саммитіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Әңгімелесу барысында президенттер өзара іс-қимылдың барлық саласында оң динамика таныта отырып, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынастары жайында айтты.
Екі мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
Жаңалықтар
0