Вице-министр ең төменгі жалақы кімдер үшін көтерілетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевВице-министр ең төменгі жалақы кімдер үшін көтерілетінін айтты
Вице-министр ең төменгі жалақы кімдер үшін көтерілетінін айтты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Бүгінде Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері 85 000 теңгені құрайды
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Келесі жылдан бастап азаматтық қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 99 000 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері 85 000 теңгені құрайды.
"Ал азаматтық қызметкерлер үшін біз ең төменгі жалақыны 99 000 теңге көлемінде қарастырып қойдық. Оны республикалық бюджетке де енгіздік", - деді Ертаев сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, Еңбек кодексі бойынша қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде штаттық лауазымды атқаратын, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз ететін және техникалық қызмет көрсететін адамдар азаматтық қызметшілер болып табылады.
Бірақ мемлекеттік кәсіпорындардың барлық қызметкерлері азаматтық қызметшілерге жатпайды.
Жалдамалы жұмысшыларды қорғайтын заң мақұлданды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жалдамалы жұмысшыларды қорғайтын заң мақұлданды
Жаңалықтар
0