https://sputnik.kz/20251009/zhaldamaly-zhumysshylardy-qorgaytyn-zan-maquldandy--57729519.html
Жалдамалы жұмысшыларды қорғайтын заң мақұлданды
Жалдамалы жұмысшыларды қорғайтын заң мақұлданды
Sputnik Қазақстан
Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, бұған дейін елімізде ең төменгі жалақыны белгілеу мен төлеуге қатысты талаптар енгізілді 09.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-09T10:36+0500
2025-10-09T10:36+0500
2025-10-09T10:36+0500
заң
жұмысшы
жалақы
https://sputnik.kz/img/1073/52/10735275_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_365dfd2d6e7eec74d7ab81ee00055d8c.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары ең төмен жалақыны белгілейтін конвенцияны ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, бұған дейін елімізде ең төменгі жалақыны белгілеу мен төлеуге қатысты талаптар енгізілді. Соның барлығы халықаралық конвенцияға сай келеді. Конвенцияның негізгі қағидаттары: Айта кетері, Қазақстанда ең төменгі жалақының қазіргі мөлшері 85 000 теңгені құрайды. Оның көлемі келесі жылы өзгермейді.
https://sputnik.kz/20250917/ortasha-zhalaqy-2028-zhylga-qaray-605-myn-tengege-deyin-osedi--ministrlik-57164774.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1073/52/10735275_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_b6f96c9a59b478ebd639f4a3753e3baf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң, жұмысшы, жалақы
Жалдамалы жұмысшыларды қорғайтын заң мақұлданды
Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, бұған дейін елімізде ең төменгі жалақыны белгілеу мен төлеуге қатысты талаптар енгізілді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары ең төмен жалақыны белгілейтін конвенцияны ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан тілшісі.
Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, бұған дейін елімізде ең төменгі жалақыны белгілеу мен төлеуге қатысты талаптар енгізілді. Соның барлығы халықаралық конвенцияға сай келеді.
"Мәселен, еліміздегі ең төмен жалақыны үкімет жыл сайын белгілейді және бұл еңбек заңнамасында бекітілген. Осылайша, қолданыстағы заңнама конвенцияның ережелеріне сәйкес келеді деп айтуға негіз бар. Ал қаралып отырған конвенцияны ратификациялау Қазақстанда қызметкерлерді негізсіз төмен жалақыдан қорғауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін болады", - деді Жүнісов сенаттың бүгінгі отырысында.
Конвенцияның негізгі қағидаттары:
ең төмен жалақы жүйесін енгізу;
ең төмен жалақыны анықтау кезінде қызметкерлердің экономикалық факторлары мен қажеттіліктерін есепке алу;
еңбекақы төлеу саласындағы дискриминацияға тыйым салу.
Айта кетері, Қазақстанда ең төменгі жалақының қазіргі мөлшері 85 000 теңгені құрайды. Оның көлемі келесі жылы өзгермейді.