Тоқаев ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынды

Ұлттық спорт университеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Елімізде Ресейдің жетекші оқу орындарының 9 филиалы жұмыс істейді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев екінші "Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөйлеген сөзінде жоғары білім саласындағы байланысты дамытудың мәні туралы айтты.
Бүгінде Қазақстанның 60 университеті Ресейдің 50 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Ресейде 60 мыңнан аса қазақстандық студент оқиды.
"Елімізде Ресейдің жетекші оқу орындарының 9 филиалы жұмыс істейді. Олардың қатарында биыл пайдалануға берілген Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы да бар. Былтыр Қазақстанда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы өз жұмысын бастады", - деді Тоқаев.
Ол өз кезегінде Бішкек, Ош, Ташкент қалаларында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары студенттер қабылдағанын айтты.
Омбы мемлекеттік университеті базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылуы маңызды оқиғаға айналды.
"Бұл – Ресейдегі алғашқы шетелдік оқу орнының өкілдігі. Осы салада сындарлы қарым-қатынас орнатқаны үшін әріптестеріме ризашылық білдіремін. Елдеріміз арасында ғылым-білім саласы бойынша тығыз байланыс орнағанын ескеріп, "Орталық Азия – Ресей" форматындағы алғашқы ректорлар форумын Қазақстанда өткізуді ұсынамын. Қазіргі жағдай ықпалдастықты цифрлық форматта белсенді дамыту қажет екенін көрсетіп отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Ресей" цифрлық кітапханасы" бірлескен білім беру онлайн-платформасын ашуға мүмкіндік мол деп ойлайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысу үшін Тәжікстанға барады
Жаңалықтар
0