https://sputnik.kz/20251009/qazaqstan-men-resey-arasyndagy-sauda-kolemi-28-mlrd-dollarga-zhetti-57744275.html
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 млрд долларға жетті
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 млрд долларға жетті
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта 33 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр 09.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-09T20:25+0500
2025-10-09T20:25+0500
2025-10-09T20:25+0500
қазақстан
әзербайжан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57743783_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_13fdeb636edfa8477e7d393967575182.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев екінші "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысты.Мемлекет басышсы былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты.Президент аймақ пен Ресей арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастықтың бірқатар өзекті бағытына қатысты ойымен бөлісті. Бірінші басымдық ретінде сауда және индустриалды қарым-қатынасты дамытуға тоқталды.Мемлекет басшысы сол себепті оны уақтылы іске асыруға барынша күш жұмылдыру қажеттігін айтты."Орталық Азия елдерінің Ресеймен сауда көлемі барлық тауар айналымының үштен бірін құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 20 пайыз өсіп, 50 миллиард доллардан асты. Аталған көлемнің жартысынан көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы саудаға тиесілі. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларға жетті. Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың қатарына енді. Инвестиция көлемі 26 миллиард доллардан асты. Былтырдың өзінде Ресейден тікелей келетін инвестиция ағыны 33 пайыз ұлғайып, 4 миллиардтан аса долларға көбейген", - деді Тоқаев.Президенттің айтуынша, жалпы құны 21 миллиард долларды құрайтын 114 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта 33 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның инвестиция көлемі 4,5 миллиардтан астам долларды құрайды.
https://sputnik.kz/20251008/toqaev-ortalyq-aziya--resey-sammitine-qatysu-ushin-tazhikstanga-barady-57716932.html
қазақстан
әзербайжан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57743783_75:0:1192:838_1920x0_80_0_0_53c99b5ccdf3dddaee2fa3f49e3b6f33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, әзербайжан, ресей
қазақстан, әзербайжан, ресей
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 млрд долларға жетті
Қазіргі уақытта 33 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев екінші "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысты.
Мемлекет басышсы былтыр Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 28 миллиард долларға жеткенін айтты.
Президент аймақ пен Ресей арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастықтың бірқатар өзекті бағытына қатысты ойымен бөлісті. Бірінші басымдық ретінде сауда және индустриалды қарым-қатынасты дамытуға тоқталды.
"Алғашқы саммитте экономикалық ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге келіскен едік. Бүгін қабылданатын Бірлескен іс-қимыл жоспары 50-ден аса шараны қамтиды. Бұл – өте құнды құжат", - деді президент.
Мемлекет басшысы сол себепті оны уақтылы іске асыруға барынша күш жұмылдыру қажеттігін айтты.
"Орталық Азия елдерінің Ресеймен сауда көлемі барлық тауар айналымының үштен бірін құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 20 пайыз өсіп, 50 миллиард доллардан асты. Аталған көлемнің жартысынан көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы саудаға тиесілі. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларға жетті. Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған ірі инвесторлардың қатарына енді. Инвестиция көлемі 26 миллиард доллардан асты. Былтырдың өзінде Ресейден тікелей келетін инвестиция ағыны 33 пайыз ұлғайып, 4 миллиардтан аса долларға көбейген", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жалпы құны 21 миллиард долларды құрайтын 114 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта 33 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның инвестиция көлемі 4,5 миллиардтан астам долларды құрайды.