Қатарға жұмысқа барған қазақстандықтар қанша табыс таба алады

© Sputnik / Виталий БелоусовСтолица Катара Доха
Столица Катара Доха - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Қатарда көбінесе мұнай мен газ саласына жұмысшыларды іздейді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Қатар мемлекетіне жұмысқа барған қазақстандықтар қанша табыс таба алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат депутаттары Қазақстан мен Қатар арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Соның аясында қазақстандықтар араб елінде заңды түрде жұмыс істей алады. Келісімде нақты тәртібі жазылған.

"Біз Қатар еңбек министрлігінің өкілдерімен кездескенде айлықтың мөлшерін де сұранғанбыз. Олар 1 500-ден 3 000 долларға дейін табуға болады деп отыр. Әрине, барлығы жұмыстың қиындығына және көлеміне байланысты болады", - деді Ертаев сенаттағы брифингте.

Оның айтуынша, Қатарда көбінесе мұнай мен газ саласына жұмысшыларды іздейді.
"Қатар жыл сайын жұмысшыларды квотамен қабылдайды. Мысалы, мың адам керек десе, біз оларды арнайы орталықтарда дайындаймыз. Қатардың заңдарын түсіндіреміз. Сөйтіп дайындап, жұмысқа жібереміз. Келесі жылы басталуы қажет", - деді Ертаев.
Айта кетері, оқу орталықтары үш облыста – Шығыс Қазақстан, Түркістан мен Алматы облыстарында ашылған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
СІМ Қатар мен БАӘ-де жүрген қазақстандықтарды сақтық шараларын ұстануға шақырды
Жаңалықтар
0