Қазақстандықтар Қатарда жұмыс істей алады - тәртібі мақұлданды

© Sputnik / Виталий БелоусовҚазақстандықтар Қатарда жұмыс істей алады - тәртібі мақұлданды
Қазақстандықтар Қатарда жұмыс істей алады - тәртібі мақұлданды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Жазылу
Сенаторлар мақұлдаған келісімге 2024 жылы Тоқаевтың Қатарға жасаған сапары кезінде қол қойылған болатын
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан мен Қатар арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Соның аясында қазақстандықтар араб елінде заңды түрде жұмыс істей алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үміткерлер іріктеледі

Қатарға жұмысқа бару үшін алдымен жұмыс беруші өтінім беруі керек. Онда біліктілік талаптары, еңбек жағдайлары, еңбек шартының ұзақтығы және басқа да мәліметтер көрсетіледі. Қатардың еңбек министрлігі өтінімдерді жинап, Қазақстанға жібереді. Осыдан кейін қазақстандық тарап Қатарда жұмыс істеуге үміткер азаматтарды жинай бастайды. Кандидаттарды жинау тәртібі:
халықты электронды еңбек биржасы арқылы хабардар ету;
Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдау және олардың Қатарда жұмысқа орналасу кезіндегі құқықтарын айқындау;

Еңбек және үлгілік шарт қалай жасалады

Қатарлық жұмыс беруші мен қазақстандық жұмыскер арасында рәсімделген еңбек шартын екі елдің министрліктері мен елшіліктері тіркейді. Ал шарттың мазмұны Қатар заңымен қатаң реттеледі. Үлгілік еңбек шарт келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады. Үлгілік еңбек шартында жұмыс берушінің міндеттері көрсетіледі. Олар:
тұрғын үй немесе тұруға жәрдемақы беру;
жұмыс орнына дейін және кері қайту үшін тегін көлік не көлік жәрдемақысын беру;
Қатар заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсету;
жыл сайынғы демалысты қоса алғанда, жұмысқа орналасу және еңбек шартының аяқталуы кезінде Қазақстанға ұшуға ақы төлеу.

Еңбек шарты қай кезде бұзылады

Қатарлық жұмыс беруші еңбек шартында көрсетілген міндеттемелерден екі жағдайда ғана босатылады:
жұмыскер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталғанда;
жұмыскер теріс қылық жасаған кезде еңбек шарты бұзылады.
Ал жұмыскер мен жұмыс беруші арасында дау туындаса, оны алдымен Қатардың еңбек министрлігінде қарайды. Ол жерде шешілмесе, қатарлық сотқа жүгінуге тура келеді.
Айта кетері, сенаторлар мақұлдаған келісімге 2024 жылғы 14 ақпанда Тоқаевтың Қатарға жасаған сапары кезінде қол қойылған болатын. Қатар мемлекеті оны сол жылы 29 қарашада ратификациялаған.
Еңбек кітапшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Қазақстандықтар тағы қай елде заңды түрде жұмыс істей алады
Жаңалықтар
0