https://sputnik.kz/20251009/beyadep-sozder-aytqan-auyl-akimine-ayyppul-salyndy-57745566.html
Бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды
Бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Сот процесі барысында шенеунік өз кінәсін толық мойындаған 09.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-09T22:12+0500
2025-10-09T22:12+0500
2025-10-09T22:12+0500
шығыс қазақстан
ауыл әкімі
айыппұл
https://sputnik.kz/img/894/98/8949856_0:208:2901:1839_1920x0_80_0_0_2382d57cf3a146d237409b1ab6d6946f.jpg
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне қатысты сот шешімі шықты.Зайсан аудандық сотында Шілікті ауылының әкіміне қатысты "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың 6 қазанында сағат 15:00 шамасында лауазымды тұлға әкімдік ғимаратындағы қызметтік кабинетінде, ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқан.Әкімшілік құқықбұзушылықтың жасалғаны сотта қаралған бейнежазбамен, куәлардың айғақтарымен және өз түсініктемесімен расталды.Зайсан аудандық сотының қаулысымен ауыл әкімі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251008/bes-sagat-daulastyq-shygys-qazaqstan-oblysynda-auyl-akimi-nege-ashuga-bulyqty---57707377.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/894/98/8949856_84:0:2815:2048_1920x0_80_0_0_7b2327e5abfb4d49481f3c46a8794128.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, ауыл әкімі, айыппұл
шығыс қазақстан, ауыл әкімі, айыппұл
Бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды
Сот процесі барысында шенеунік өз кінәсін толық мойындаған
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне қатысты сот шешімі шықты.
Зайсан аудандық сотында Шілікті ауылының әкіміне қатысты "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың 6 қазанында сағат 15:00 шамасында лауазымды тұлға әкімдік ғимаратындағы қызметтік кабинетінде, ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқан.
"Сот процесі барысында шенеунік өз кінәсін толық мойындап, кездесуге қатысушыларға қатысты бейәдеп сөздер айтқанын жоққа шығармады. Ол жасаған әрекетіне өкінетінін білдіріп, көпшілік алдында кешірім сұрады", - деп жазылған облыстық әкімдік таратқан хабарламада.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың жасалғаны сотта қаралған бейнежазбамен, куәлардың айғақтарымен және өз түсініктемесімен расталды.
Зайсан аудандық сотының қаулысымен ауыл әкімі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.