https://sputnik.kz/20251008/bes-sagat-daulastyq-shygys-qazaqstan-oblysynda-auyl-akimi-nege-ashuga-bulyqty---57707377.html
"Бес сағат дауластық": Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі неге ашуға булықты
"Бес сағат дауластық": Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі неге ашуға булықты
Sputnik Қазақстан
Әкімнің әдепсіз қылығы бойынша материал мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолданбақ 08.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-08T12:01+0500
2025-10-08T12:01+0500
2025-10-08T12:01+0500
шығыс қазақстан
ауыл әкімі
балағат сөз
https://sputnik.kz/img/25/13/251328_0:87:5184:3003_1920x0_80_0_0_c5cfc8ad0d56a8dc1afcadf57717c216.jpg
АЛМАТЫ, 8 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның даулы бейнежазбасы тарады. Әкім неге және кімге ашуланды, бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі әкім Қуаныш Төлеуханның өзінен сұрап білді.Әлеуметтік желідегі видеода әкім кабинетінде бір топ адамға ашу шақырып, былапыт сөз айтқан.Айтуынша, қоғамдық тыңдау болмаған, дау 5 сағатқа созылған. "Тіпті баяндаманы жасатпады. Алдымен тыңдап алып, сосын ескертуіңізді айтыңыз деп ем, мүлдем сөзге құлақ аспады. Баяндама сол күйі жасалмай қалды. Мен акт залынан шығып, кабинетіме кетіп қалдым. Ол кісілер артымнан қуып келіп, сол жерде тағы дауластық. Шыдамай кетіп ауызымнан ашулы сөздер шығып кетті ", - дейді Шілікті ауылдық округінің әкімі. Сол күні қоғамдық тыңдау өтпеген. Мәселелер де шешусіз қалған. Әкімнің айтуынша, бейнежазбада оның ашуланған сәтін ғана кесіп, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Осы іске қатысты облыс әкімдігінің мәліметінше, ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген. Бұл материалдар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолданбақ. Айта кетейік, Қуаныш Төлеухан әкімдік қызметке үш ай бұрын сайланған.
https://sputnik.kz/20251003/pavlodar-oblysynda-akim-men-feldsher-kelispey-qaldy-57598139.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/13/251328_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_3638e6f0d7e8a277de4be98427cb6acb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, ауыл әкімі, балағат сөз
шығыс қазақстан, ауыл әкімі, балағат сөз
"Бес сағат дауластық": Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі неге ашуға булықты
Әкімнің әдепсіз қылығы бойынша материал мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолданбақ
АЛМАТЫ, 8 қазан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның даулы бейнежазбасы тарады. Әкім неге және кімге ашуланды, бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісі әкім Қуаныш Төлеуханның өзінен сұрап білді.
Әлеуметтік желідегі видеода әкім кабинетінде бір топ адамға ашу шақырып, былапыт сөз айтқан.
"Сол күні қоғамдық тыңдау өту керек болған. Жиналысты бастап, хатшыны сайлап енді бастайық дегенде жаңағы бейнекамераға түсіріп тұрған кісілер дауласа кетті. Олар біздің ауылдың тұрғындары емес, Астанадан келген адамдар", - дейді Қуаныш Төлеухан.
Айтуынша, қоғамдық тыңдау болмаған, дау 5 сағатқа созылған.
"Тіпті баяндаманы жасатпады. Алдымен тыңдап алып, сосын ескертуіңізді айтыңыз деп ем, мүлдем сөзге құлақ аспады. Баяндама сол күйі жасалмай қалды. Мен акт залынан шығып, кабинетіме кетіп қалдым. Ол кісілер артымнан қуып келіп, сол жерде тағы дауластық. Шыдамай кетіп ауызымнан ашулы сөздер шығып кетті ", - дейді Шілікті ауылдық округінің әкімі.
Сол күні қоғамдық тыңдау өтпеген. Мәселелер де шешусіз қалған. Әкімнің айтуынша, бейнежазбада оның ашуланған сәтін ғана кесіп, әлеуметтік желіде таратып жіберген.
Осы іске қатысты облыс әкімдігінің мәліметінше, ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген. Бұл материалдар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолданбақ.
Айта кетейік, Қуаныш Төлеухан әкімдік қызметке үш ай бұрын сайланған.