Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу пункттері мерзімінен бұрын жаңартылады

© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу пункттері мерзімінен бұрын жаңартылады
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу пункттері мерзімінен бұрын жаңартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Екі елдің көлік министрлігі өкілдері жаңарту бойынша жоспарларымен бөлісті
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Ресей мен Қазақстанның көлік министрліктерінің өкілдері шекарадағы автокөлік өткелдерін жаңғырту мәселесін талқылады.
Тікелей шекарада өткен көшпелі кездесуге Ресей көлік министрінің бірінші орынбасары Валентин Иванов пен Қазақстанның көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров қатысты.
© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу пункттері мерзімінен бұрын жаңартылады
На казахстанско-российской границе состоялось выездное совещание с участием первого замминистра транспорта РФ Валентина Иванова и вице-министра транспорта РК Максата Калиакпарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу пункттері мерзімінен бұрын жаңартылады

"Тараптар автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртудың бірлескен жоспарларын жаңартуды, соның ішінде жобаны іске асыру мерзімін 2030-2032 жылдардан 2026-2027 жылдарға ауыстыруды талқылады", - деді ведомство.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруда және сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуде стратегиялық рөл атқаратын "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін қоса алғанда, Ресейге шығатын жол жобалары мен халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
© Photo : Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаҚазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу пункттері мерзімінен бұрын жаңартылады
На казахстанско-российской границе состоялось выездное совещание с участием первого замминистра транспорта РФ Валентина Иванова и вице-министра транспорта РК Максата Калиакпарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық өткізу пункттері мерзімінен бұрын жаңартылады
Сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалы, жүк тасымалы, ұшқышсыз көліктер мәселесі көтерілді. Бақылау-өткізу бекеттеріндегі ағымдағы жағдайға шолу жасады. Ресей тарапы бұл мәселе құзырлы органдардың ерекше бақылауында екенін мәлімдеді, дейді көлік министрлігі.
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Ресейге өтетін шекара бекетінде 100-ге жуық көлік жиналды – себебі қандай
Жаңалықтар
0