Депутаттар жас жұбайларды жаппай тесттен өткізуді ұсынды

© Pixabay / congerdesign Жас жұбайлар
Жас жұбайлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Әрбір адамның генетикалық төлқұжатын да жасауға болады
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Мәжілістегі Қазақстанның халық партиясының депутаттары жас жұбайларды жаппай генетикалық тесттен өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бүгінде мүгедек болып туатын балалардың саны өсіп келеді. Ал ондай балалардың ата-анасына психологиялық тұрғыда ауыр. Оған қоса, толыққанды жұмыс істей алмайды.
"Әлемдік тәжірибеге сәйкес, елдердің көбісі генетикалық ауруы бар балалардың туу ықтималдығын алдын ала жою жолын таңдайды. Ол үшін жүктілікті жоспарлап жүрген жас жұбайларды генетикалық тесттен өткізеді. Соның негізінде тұқым қуалайтын жүздеген ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Жас жұбайлардың генетикалық сәйкестігі де тексеріледі. Бұл – халықты сауықтырудың және дені сау адами ресурсты көбейтудің жалғыз жолы", - деді Магеррамов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, әрбір адамның генетикалық төлқұжатын да жасауға болады.
Осы орайда фракция өкілдері жүктілікті жоспарлап отырған отбасылар үшін ерікті әрі тегін генетикалық тестті енгізуді ұсынып отыр. Бұл ұсыныс денсаулық сақтау министріне жолданды.
Дөңгелек жөндеу орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Көліктерді техникалық бақылаудан өткізу тәртібін өзгерту керек – депутаттар
Жаңалықтар
0