Көліктерді техникалық бақылаудан өткізу тәртібін өзгерту керек – депутаттар

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуДөңгелек жөндеу орны
Дөңгелек жөндеу орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Жазылу
Кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбайтын көліктерді 2-3 жылда бір рет қана міндетті техникалық тексерістен өткізу ұсынылды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Мәжілісте көліктерді техникалық байқаудан өткізу тәртібін өзгерту мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, бүгінде техникалық байқау көлік құралдарын тексеруге емес, белгілі бір жеке мүдделі құрылымдардың қаржылық пайдасына жұмыс істейтін жүйеге айналды. Осы саладағы операторлардың бір жылдық табысы 17 млрд теңгеге жетті. Бірақ жол апаттарының басым бөлігі жол ережесін бұзудан болады. Мәселен, 2024 жылы 31 мың апаттың небәрі 17-сі көліктің техникалық ақауынан болған.

"Халық жүйенің шынайы қауіпсіздік кепілі емес, мөр басылған қағазға төленетін ақыға айналғанын ашық айтып жатыр. Әсіресе, ауылдың шалғай тұрғындары бақылау орталықтарының аздығынан жүздеген шақырым жүріп, бір күнін тексеруге арнайды. Халықаралық тәжірибеге көз жүгіртсек, көптеген елдерде әлдеқайда тиімді және халық мүддесіне сай шешімін тапқан. Мәселен, Еуропа елдерінің көбінде мұндай тексеріс тек коммерциялық көліктерге немесе ұзақ аралықпен жүргізіледі", - деді Жайымбетов мәжілістің бүгінгі отырысында.

Депутат осы тәжірибені Қазақстанда енгізуді ұсынып отыр. Атап айтқанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбайтын көліктерді 2-3 жылда бір рет қана міндетті техникалық тексерістен өткізу керек.
"Сосын барлық техникалық тексеріс орталықтарын нақты талаптарға сәйкес қайта лицензиялау тәртібін қарастыру қажет", - деді Жайымбетов.
ТОО СК-Фармация  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Депутаттар сынға алған компанияның жаңа басшысы тағайындалды
Жаңалықтар
0