"Аяқтарын сездім": Дженнифер Лопес Алматыдағы концертте үстіне қонған шегіртке жайлы

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуДженнифер Лопес
Дженнифер Лопес - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Жазылу
Әнші бастапқыда оны жарық айналасында ұшып жүрген ұсақ шыбын-шіркей деп ойлаған
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Дженнифер Лопес "Джимми Фэллонмен кешкі шоу" атты бағдарламада Алматыдағы концертте болған оқиға туралы айтты.
Еске салайық, 10 тамызда Лопестің Алматыдағы концерті кезінде әнші ән айтып тұрған сәтте оның үстіне шегіртке қонған. Алайда, әнші ән орындауын тоқтатпай, мойын тұсына жеткен шегірткені қолымен алып тастады.
Шоу кезінде Дженнифер Лопес бастапқыда оны жарық айналасында ұшып жүрген ұсақ шыбын-шіркей деп ойлағанын айтты.
"Бастапқыда мен оны жай ғана менің денеме тиіп, соғылып, қайта ұшып кетіп жатқан шыбын-шіркей деп ойладым. Кейіннен оның менің денемде жоғары қарай жылжып келе жатқанын түсіндім", - дейді әнші.
Лопес денесінде жоғары қарай қозғалған шегірткенің аяқтарын сезгенін айтып, шоу көрермендерін күлдірді.
"Мен әнді аяқтау маңызды деп ойлап тұрдым. Содан кейін шегірткені қолыммен алып, лақтырып жібергенде оның тікұшақпен бірдей екенін жарықтан көрдім", - деді Лопес.
Дженнифер Лопес - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Дженнифер Лопес концерті: Алматыда бірнеше көше жабылады
Жаңалықтар
0