Дженнифер Лопес концерті: Алматыда бірнеше көше жабылады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуДженнифер Лопес
Дженнифер Лопес - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2025
Жазылу
Көлік қозғалысы сағат 16:00-ден бастап шектеледі
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Дженнифер Лопестің концертіне байланысты Алматыдағы бірқатар орталық көше жабылады, деп хабарлады мегаполистің полиция департаменті.
10 тамызда Алматыда америкалық әнші Дженнифер Лопес концерт береді. Дәл осы күні сағат 16:00-ден бастап кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.
Қозғалыс жабылатын учаскелер:
Байтұрсынов көшесі — Шевченкодан Тимирязевке дейін
Сәтбаев көшесі — Сейфуллиннен Байзақовқа дейін
Абай даңғылы — Сейфуллиннен Мұқановқа дейін
Тәртіп сақшылары азаматтардан өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Еске салайық, бұған дейін Джей Ло Астанада 1 тамызда концерт беріп, шоуға 25 мыңға жуық көрермен жиналған болатын.
Джей Ло - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2025
Джей Ло концерті Қазақстан бюджетіне қанша қаржы әкеледі
Жаңалықтар
0