https://sputnik.kz/20251007/slovakiya-ukrainaga-eshqanday-qaru-zharaq-zhibermeydi---iim-57696491.html
Словакия Украинаға ешқандай қару-жарақ жібермейді - ІІМ
Словакия Украинаға ешқандай қару-жарақ жібермейді - ІІМ
Sputnik Қазақстан
Словакия үкіметі гуманитарлық көмекке баса назар аударатынын жариялаған болатын 07.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-07T22:12+0500
2025-10-07T22:12+0500
2025-10-07T22:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39531802_0:222:3116:1975_1920x0_80_0_0_b6ed51e848a837a4797ded90f9baf1fb.jpg
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Словакия Украинаға миналарды тазарту техникасын жіберу арқылы көмектеседі, бірақ қару-жарақ жібермейді, деп мәлімдеді Словакия ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эшток, деп хабарлады РИА Новости.Дүйсенбі күні Украина қорғаныс министрі Денис Шмыгаль Украина Словакиядан бес Božena мина тазартатын машина алады деп күтетінін мәлімдеді. Ол Словакия премьер-министрінің орынбасары және қорғаныс министрі Роберт Калинякпен тиісті келісімге қол қойғанын хабарлады.Шмыгаль словакиялық тарап Украинаға осы техниканы, сонымен қатар инженерлік-құрылыс жабдықтарын, медициналық эвакуациялау құралдарын тегін беретінін айтты.Бұған дейін Словакия үкіметі гуманитарлық көмекке баса назар аударып, енді Украинаға қару-жарақ жібермейтін болды. 2023 жылдың күзінде Роберт Фицо бастаған министрлер кабинеті бұрынғы үкіметтің Украинаға тағы 40,3 миллион еуро көлеміндегі әскери көмек пакетін жіберу туралы ұсынысын қабылдамады.
https://sputnik.kz/20250907/zelenskiy-daniyada-qaru-zharaq-zauytynyn-qurylysy-bastalganyn-khabarlady-56880369.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39531802_385:0:3116:2048_1920x0_80_0_0_18724da14bd72ee807eff84c6a95df90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Словакия Украинаға ешқандай қару-жарақ жібермейді - ІІМ
Словакия үкіметі гуманитарлық көмекке баса назар аударатынын жариялаған болатын
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Словакия Украинаға миналарды тазарту техникасын жіберу арқылы көмектеседі, бірақ қару-жарақ жібермейді, деп мәлімдеді Словакия ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эшток, деп хабарлады
РИА Новости.
Дүйсенбі күні Украина қорғаныс министрі Денис Шмыгаль Украина Словакиядан бес Božena мина тазартатын машина алады деп күтетінін мәлімдеді. Ол Словакия премьер-министрінің орынбасары және қорғаныс министрі Роберт Калинякпен тиісті келісімге қол қойғанын хабарлады.
Шмыгаль словакиялық тарап Украинаға осы техниканы, сонымен қатар инженерлік-құрылыс жабдықтарын, медициналық эвакуациялау құралдарын тегін беретінін айтты.
"Словакияның бастапқы ұстанымы өзгерген жоқ. Біз Украинаға ешқандай қару жібермейміз, тек минадан тазарту техникасын жібердік", - деді Шутай-Эшток журналистерге.
Бұған дейін Словакия үкіметі гуманитарлық көмекке баса назар аударып, енді Украинаға қару-жарақ жібермейтін болды. 2023 жылдың күзінде Роберт Фицо бастаған министрлер кабинеті бұрынғы үкіметтің Украинаға тағы 40,3 миллион еуро көлеміндегі әскери көмек пакетін жіберу туралы ұсынысын қабылдамады.